«Самғау» спорт және жаратылыстану сайысы
📌 «Самғау» спорт және жаратылыстану сайысы 🐎🐎🐎2026 жылдың 5 ақпанында мектебімізде 5–6 сынып оқушылары арасында «Самғау» атты спорт пен жаратылыстану пәндерін ұштастырған ұлттық ойындар сайысы жоғары деңгейде өтті. 🎯🎯Іс-шара барысында оқушылар ұлттық ойындар арқылы өздерінің шапшаңдығын, ептілігін, логикалық ойлау қабілетін және ғылыми білімдерін көрсетті. Сайыс дәстүр мен заманауи білімнің үйлесімін танытып, оқушылардың командалық рухын нығайтып, белсенділік пен қызығушылығын арттырды.