08
мамыр
2026
“Жеңіс күні – жүрегімде” 🇰🇿 7–9 мамыр мерекелеріне арнайы мектебімізде Ұлы Жеңіс күніне арналған “Жеңіс күні – жүрегімде” атты тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
“Жеңіс күні – жүрегімде” 🇰🇿 7–9 мамыр мерекелеріне арнайы мектебімізде Ұлы Жеңіс күніне арналған “Жеңіс күні – жүрегімде” атты тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл күндер – ерлік пен елдіктің, батырлық пен бірліктің символы. Іс-шара барысында оқушыларға ата-бабаларымыздың Отан үшін жасаған ерліктері насихатталып, олардың рухына тағзым етілді. Патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылып, көріністер қойылды. Әрбір оқушының жүрегінде елге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімі арта түсті. Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, тарихи сананы жаңғырту, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу. Жеңістің мәнін ұғынған ұрпақ – ел болашағының жарқын кепілі. Жеңіс рухы – мәңгі жүрегімізде! ✨