Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 📚📚23 сәуір Ұлттық кітап күні «Бір ел – бір кітап»республикалық акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы бойынша өткен конференция өтті. Мақсаты: Оқушыларға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығын таныту
23
сәуір
2026

📚📚23 сәуір Ұлттық кітап күні «Бір ел – бір кітап»республикалық акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы бойынша өткен конференция өтті. Мақсаты: Оқушыларға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығын таныту

📚📚23 сәуір Ұлттық кітап күні «Бір ел – бір кітап»республикалық акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романы бойынша өткен конференция өтті. Мақсаты: Оқушыларға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығын таныту, «Тағдыр» романы арқылы тарихи тағдыр тәлкегіне түскен халықтың мұң-мұқтажын, ел мен жер тағдырын ұғындыру. Оқушылардың бойында отансүйгіштік, ұлттық намыс пен тарихи сананы қалыптастыру, көркем шығарма оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Іс-шараның қорытындысы : Қорытынды: Конференция барысында 10 «А» сынып оқушылары шығарманың негізгі идеясы мен кейіпкерлер бейнесін жан-жақты талдап, өз пікірлерін ортаға салды. Тарихи шекараның екі жағында қалған қазақ баласының бастан кешкен қиындықтары мен ұлттық болмысты сақтап қалу жолындағы күресі туралы мазмұнды ойлар айтылды. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі :Бақыш А Кітапханашылар : Қошқарбаева Б мен Қабылбаеваның Ж ұйымдастыруымен өткен бұл шара оқушылардың тарихи білімін тереңдетіп, рухани деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізді. Қатысушылар «Тағдыр» романы – өткен мен бүгінді жалғап жатқан, әрбір жас буын оқуға тиіс құнды жәдігер екенін түсініп тарқасты.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: