13
наурыз
2026
«Педагогикалық стратегияларды талдау және STREAM коллаборациясы» тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық семинар өтті
2026 жылғы 13 наурыз күні Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектепте «Педагогикалық стратегияларды талдау және STREAM коллаборациясы» тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинарға Алматы қаласының 13 Keleshek мектебінің педагогтері мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдер мен тиімді педагогикалық тәжірибелерді талқылады.
Семинардың негізгі мақсаты – педагогикалық стратегияларды талдау арқылы тәжірибе алмасу, STREAM бағытындағы коллаборациялық оқытуды дамыту, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын, шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тиімді әдістерді анықтау.
Іс-шара барысында қатысушылар 6 бағыт бойынша топтарға бөлінді:
• Science – ғылым
• Technology – технология
• Reading / Research – оқу және зерттеу
• Engineering – инженерия
• Art – өнер
• Mathematics – математика
Бұл бағыттар пәндерді кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлау, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған заманауи білім беру моделін таныстыруға мүмкіндік берді.
Семинар барысында қатысушылар заманауи сабақтарға қатысып, тәжірибелік жұмыстармен танысты. Сонымен қатар мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.А. Изтлеуова «Keleshek INSIDE: Ірі жобалар панорамасы» тақырыбында мектептің тәжірибесімен бөлісті.
Семинар қатысушылары заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдермен танысып, тәжірибе алмасып, білім беру саласындағы жаңа идеялар мен тиімді тәжірибелерді талқылады.