13
наурыз
2026
МҰҒАЛІМДЕР ШЕБЕРХАНАСЫ
Мектебімізде білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және оқу үдерісіндегі олқылықтарды жүйелі түрде реттеу мақсатында «Мұғалімдер шеберханасы» жұмыс жасайды. Бұл шеберхана – тәжірибе алмасу алаңы, шығармашылық ізденіс орталығы және мұғалімдер мен оқушыларға әдістемелік қолдау көрсететін маңызды білім кеңістігі. Мақсаты Білім беру үдерісіндегі олқылықтарды анықтап, оларды тиімді педагогикалық тәсілдер арқылы реттеу, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және оқушылардың білім сапасын арттыру. Міндеттері • Мұғалімдерге заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер бойынша әдістемелік көмек көрсету; • Сабақтағы білім алшақтығын анықтап, оны жоюға бағытталған тиімді жолдарды ұсыну; • Педагогтердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау; • Оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік қолдау көрсету; • Инновациялық идеялар мен шығармашылық бастамаларды қолдау. Күтілетін нәтижелер • Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен педагогикалық құзыреттілігі артады; • Білім берудегі олқылықтар азайып, оқу сапасы жақсарады; • Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу мәдениеті қалыптасады; • Оқушылардың оқу жетістіктері мен танымдық белсенділігі артады; • Мектепте ынтымақтастыққа негізделген шығармашылық білім беру ортасы қалыптасады. Мұғалімдер шеберханасы – үздіксіз даму мен сапалы білімнің бастауы.