21
мамыр
2026
“ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ – 2026”
✨ “ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ – 2026” ✨ И.Қ.Мандоки атындағы №154 “Келешек” жалпы білім беретін мектебінде жыл бойы білім мен өнерде, спорт пен шығармашылықта, қоғамдық жұмыстарда үздік нәтиже көрсеткен дарынды оқушыларды марапаттауға арналған дәстүрлі “Жұлдыздар шеруі” салтанатты кеші жоғары деңгейде өтті. 🌟 Бұл — тек марапаттау кеші ғана емес, еңбектің бағаланған, таланттың танылған, арманның асқақтаған сәті болды. Мектебіміздің мақтанышына айналған оқушылар халықаралық, республикалық, қалалық және аудандық байқаулар мен жарыстарда биік белестерді бағындырып, мектеп мерейін үстем етті. 🏆 Кеш барысында білім мен ғылымға құштар, өнерге жақын, спортта шыңдалған үздік шәкірттер марапатталып, олардың жетістіктері ерекше құрметпен аталып өтті. Сонымен қатар мектебіміздегі “Зерде” креативті клубының жұмыстары таныстырылып, шығармашыл оқушылардың тың жобалары көпшілік назарына ұсынылды. Ұстаздарымыздың кәсіби ізденісін дамытатын “Ұстаздар шеберханасы” да өз жұмысын нәтижелі жүргізіп келе жатқаны ерекше айтылды. ✨ Салтанатты кеште мектеп директоры Қаламқас Қалиқызы Алмасбаева оқушыларды құттықтап, әр жетістіктің артында табандылық пен үлкен еңбек жатқанын атап өтті. Сонымен қатар шәкірт тәрбиелеудегі ата-аналар мен ұстаздардың еңбегіне алғысын білдірді. 💐 Жұлдыздай жарқыраған шәкірттеріміздің жеңісі — мектебіміздің мақтанышы, ел болашағына жасалған сенімді қадам. Бүгінгі жас жұлдыздар — ертеңгі ел тірегі! ⭐👏