Біз туралы » Страница 44 » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тіл ғұмыры-ел ғұмыры" тақырыбында әдеби-сазды лездеме
13
қыркүйек
2021
"Тіл ғұмыры-ел ғұмыры" тақырыбында әдеби-сазды лездеме
Бүгін мектебімізде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отыра, жыл сайын дәстүрлі түрде тойланатын Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесіне орай "Тіл ғұмыры-ел ғұмыры" тақырыбында әдеби-сазды лездеме өткізілді. Мерекелік лездемеде мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатын негізге ала отырып, мектебіміздің көркемсөз өнерпаздары үш тілде өлең шумақтарын паш етті. Мың бұралған талантты оқушыларынан құралған "Жұлдыз" би тобы қазақтың ұлттық биін тарту етіп,
" 🎤Алматы-әсем қалам🎤 " атты әдеби-сазды кеш
11
қыркүйек
2021
" 🎤Алматы-әсем қалам🎤 " атты әдеби-сазды кеш
📍Мектебімізде Алматы күніне байланысты 09.08.2021 жылы сағат 12:30 да " 🎤Алматы-әсем қалам🎤 " атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Әдеби кеш жауаптылары: Сулейменова Асия Ертайқызы. Сәрсенова Гүлмира Әбілдақызы 📍Әдеби кешке мектебіміздің жас ақындары мен жыршылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Кеш мақсаты: ✅Оқушыларға әсем қаламыз Алматы туралы мәлімет беріп, білімдерін кеңейту. ✅Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. ✅
Аргынов Куаныш Даулетбекович Алатау ауданының Қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығы Г. Сарыбаева алғыс хатпен марапатталды.
10
қыркүйек
2021
Аргынов Куаныш Даулетбекович Алатау ауданының Қорғаныс істер
2020-2021 оқу жылында қойылған тапсырмаларды орындау барысында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Аргынов Куаныш Даулетбекович Алматы қаласы Алатау ауданының Қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығы Г. Сарыбаева алғыс хатпен марапаттады. Марапатыңыз құтты болсын! Еңбегіңіз жана берсін! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿  
Кәсіподақ ұйымының төрайымы Копабаева Меиркул Султанхановна
10
қыркүйек
2021
Кәсіподақ ұйымының төрайымы Копабаева Меиркул Султанхановна
Мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы Копабаева Меиркул Султанхановна аудандық "Отбасы және жаңа технологиялар" эссе байқауына белсене қатысып жеткен жетістігі және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқандығы үшін Алатау аудандық "Ұстаз" кәсіподақ ұйымы төрағасының Мадақтамасымен марапатталды. Құттықтаймыз!!! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін! 💐💐💐  
"Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гулденуі" аудандық сайысына қатысқан  №154 жббм 3 "д" сынып оқушысы Абен Нұрман
09
қыркүйек
2021
"Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гулденуі" аудандық сайысына қатысқан
Қазақстан Республикасының 30 жылдығын мерекелеу аясында "Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гулденуі" атты жетістіктерді көрсету марафоны жоспарына сәйкес, Алматы қаласы Алатау ауданы мектептері арасында, №179 жалпы білім беретін мектепте, "Табиғат сыйлары " атты сурет көрмесі өтті. Сурет көрмесінің нәтижесіне сәйкес: Бас жүлде- №91 жббм 4 "б" сынып оқушысы Кузницова Милания 1- орын — №171 жббм 4"а"сынып оқушысы Минеахметова Амелия, 2- орын — №182 жббм оқушысы Мирам Мирас, №180 жббм 4"Ғ" сынып
"Отбасылық тәрбие" бағыты бойынша "Менің құқықтарым мен міндеттерім", "Заң және заман"тақырыптарында дәріс сабағы
08
қыркүйек
2021
"Отбасылық тәрбие" бағыты бойынша "Менің құқықтарым мен міндеттерім",
   Мектепішілік "Отбасылық тәрбие" бағыты бойынша 08.09.2021ж. күні тарих пәнінің мұғалімдері А.А.Серікбаева, А.Е.Сабыржан және Г.Ч.Кулкубаева  9-11 сынып оқушыларымен "Менің құқықтарым мен міндеттерім", "Заң және заман"тақырыптарында дәріс сабағын өткізді. Мақсаты: оқушыларға өз құқықтары мен заң туралы ойларын дамыту.   
"Біздің қаланың тарихы" тақырыбында тәрбие сағаты
08
қыркүйек
2021
"Біздің қаланың тарихы" тақырыбында тәрбие сағаты
Алматы қаласының қала күніне орай, 2021-2022 оқу жылындағы мектепішілік жоспары бойынша қыркүйек айының 8-і күні 10 "Б" сынып жетекшісі А.К.Батырханова сынып оқушыларымен "Біздің қаланың тарихы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларды әсем қаламыз Алматы туралы мәлімет беріп, білімдерін тереңдету.  
"Алтын күз" тақырыбында күз бейнесін жасау бойынша қашықтан жоба байқауы
08
қыркүйек
2021
"Алтын күз" тақырыбында күз бейнесін жасау бойынша қашықтан жоба
Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында "Қазақстанның гүлденуі" тақырыбында аудан мектептері арасында "Алтын күз" тақырыбында күз бейнесін жасау бойынша қашықтан жоба байқауы, өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша І орын 152 МГ, 171 ЖББМ ІІ орын 26,181,185,154 ЖББМ ІІІ орын 201 МГ 166Л, 151,184 ЖББМ иеленді. Жеңімпаз болған мектептер Алатау аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. БАЙҚАУҒА
«Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу»
07
қыркүйек
2021
«Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылық
2021 жылдың 6-8 қыркүйек күндері мектебімізде Алатау аудандық ЮПБ ЖПҚБ мектеп инспекторы, полиция капитаны М.М.Нурадилова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Ж.Мусабекова санитарлық талаптарды сақтай отырып, І ауысымда оқитын 8-11 сыныптардың ұл балаларымен «Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  
"Менің сүйікті қалам" тақырыбында тәрбие сағаты
07
қыркүйек
2021
"Менің сүйікті қалам" тақырыбында тәрбие сағаты
Алматы қаласының қала күніне орай, 2021-2022 оқу жылындағы мектепішілік жоспары бойынша қыркүйек айының 7-9 күндері аралығында бастауыш сынып мұғалімдері А.Е.Кайдалинова, Қ.Ө.Бектас және Б.Б.Жайлаубекова "Менің сүйікті қалам" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларымызға әсем қаламыз Алматы туралы мәлімет беріп, білімдерін тереңдету. Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға шығармашылыққа баулу. Барлығы 75 оқушы қамтылды.