"Тіл ғұмыры-ел ғұмыры" тақырыбында әдеби-сазды лездеме » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қыркүйек
2021

"Тіл ғұмыры-ел ғұмыры" тақырыбында әдеби-сазды лездеме

Бүгін мектебімізде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отыра, жыл сайын дәстүрлі түрде тойланатын Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесіне орай "Тіл ғұмыры-ел ғұмыры" тақырыбында әдеби-сазды лездеме өткізілді. Мерекелік лездемеде мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатын негізге ала отырып, мектебіміздің көркемсөз өнерпаздары үш тілде өлең шумақтарын паш етті. Мың бұралған талантты оқушыларынан құралған "Жұлдыз" би тобы қазақтың ұлттық биін тарту етіп, мерекелік концертті көріктендіре түсті. Лездеме соңында мектебіміздің күміс көмей әншісі 11 "А" сынып оқушысы Аралбаева Жансая ағылшын тілінде ән шырқап, өзінің өнерімен көрермендердің көңілін көтерді. Бүгінгі салтанатты жиынға қатысқан әрбір білімді, өнерлі оқушыларымызға және осы мерекені ұйымдастырған ұстаздарымызға мың алғыс айтамыз!!! Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі биік, абыройы асқақ болсын!!!
Лездеме ұйымдастырушылары: қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі, орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі және ағылшын тілі пәні бірлестігі.

#тілдермерекесі

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: