“Наурызым-құтты мерекем” атты мерекелік кездесу
БҮГІНГІ КҮН ЕРТЕҢГЕ ТАРИХ…
🔹Мемлекет басшысының Жарлығымен биылдан бастап Наурыз мерекесінің мәртебесі биіктеп, 14-23 наурыз аралығы “Наурызнама” он күндігі қатарынан тойланатын болды.
Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрінің қолдауымен елімізде алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әншуақ» балалар әндер фестивалі өтеді.
Осы екі іс-шараны біріктіріп, Алматы қаласы Алатау ауданы 154 жалпы білім беретін мектепте “Наурызым-құтты мерекем” атты мерекелік кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
Елімізге танымал айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов және Әуезхан Сырым мырзалар құрметті қонағымыз болды.
🔹Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау барысында мектеп ауласында басталған, қазағымыздың ұлттық ойындары асық ату және арқан тартыс, сондай-ақ тұсау кесер, бата беру дәстүрлерін дәріптеу мақсатында қонақтарымыз Жандарбек мырза бүлдіршіннің тұсауын кесіп, Сырым мырза бата берді.
#әншуақ_әндер_челленджі #наурызнама #біртұтас_тәрбие