Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Михай Галошфаимен кездесу » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ақпан
2021

Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Михай Галошфаимен кездесу

27 қаңтар 2021 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББ мектебінде Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Михай Галошфаи, Алматы қаласындағы Венгрияның бас консулы Ференц Блауманн мырза, сонымен қатар Эндре Кадаш, Петер Имре Шихлош қонақта болды. Венгриядан арнайы келген қонақтарымызды мектеп басшысы Қаламқас Қалиқызы өз ұжымымен бірге салтанатты түрде қарсы алды. Кездесу барысында Қоңырдың 75 жылдығы құрметіне ашылған "Ұлттық мұражайы" таныстырылды. Мұражайда өткен таныстырылым барысында мектеп директоры Қаламқас Қалиқызы шаңырағымызда «Қоңыр» мұражайы халықаралық деңгейде ғылыми-танымдық бағытта жұмыс жасайтынын және Қоңыр мектебінің білім алушылары жеткен жетістіктердің ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде екенін ерекше атап айтты.
Қонақтарды қарсы алу рәсімі мектебіміздегі Венгердің ерікті фотографы Ласло Кунковачтың мажар залында фото көрмесі таныстырылып екі ел дәстүрінің ұқсастығы айтылып өтті. Қонақтар галереядағы әрбір картинаға ерекше мән беріп, галереяда ғажайып өнер туындылары жинақталған деп жоғары бағалады.
Қонақтарымызға мектебіміздің информатика пән мұғалімдері «Робототехника әлеміне саяхат» атты үйірменің жұмыстарымен таныстырды. Қонақтарымыз ерекше қызығушылық танытып, оқушыларымыздың жылдамдығы мен ой ұшқырлықтарына тәнті болды.
Осылайша, Орталық Еуропаның оңтүстік-шығысында орналасқан Венгрия елі мен Қазақстан арасында сауда –саттық, экономикалық байланыстан бөлек, білім, мәдениет саласындағы айрықша байланыс жылдан-жылға нығаю үстінде екенін және бұл байланысқа Қоңыр мектебінің өз үлесін тигізіп жатқанына дән риза болған қонақтарымызды мектеп ұжымы қимастықпен шығарып салды. Мектеп басшысы Қаламқас Қалиқызы мен мектеп ұжымы бірлесе жасаған жұмыс нәтижелі аяқталып, кездесу сәтті аяқталды.


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: