Аудандық сайыста "Адал ұрпақ" ұйымының мүшелері ІІ ОРЫН иеленді!!! » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қараша
2020

Аудандық сайыста "Адал ұрпақ" ұйымының мүшелері ІІ ОРЫН иеленді!!!

03.11.2020 жылы Алатау ауданы мектептерінің арасында оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мақсатында "Біз жемқорлыққа қарсымыз!" интеллектуалды-танымдық ойыны өткізілді.

Аудан мектептерінің арасында 1 турдан өткен бес мектеп, атап айтқанда № 26 ЖББМ "Абай" атындағы командасы, №82 ЖББМ "Алатау қырандары" командасы, №151 ЖББМ "Парасатты" командасы, №154 ЖББМ "Қоңыр Ұландары" командасы және №182 ЖББМ "Аманат" командасы аудандық жарысқа қатысып, белсенділік танытты.
Байқау барысында оқушылар ребус шешу, мақал-мәтелдердің жалғасын табу, үй тапсырмасы ретінде берілген Абай Құнанбаевтың қай "Қара сөзінде" осы тақырыпқа қатысты айтылғанын тауып, түсіндіру секілді тапсырмаларды орындады. Ойын өте қызықты, тартымды болды.
Оқушылардың білімін бағалауға республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсе жетекшісі Қ.А.Токушев, Алатау АББ басшысы Қ.М.Ақмурзаева және мектептердің өкілдері қатысты. Жюри әділ бағаларын беріп, 1 орынға "Аманат", 2 орындарға "Парасатты", "Қоңыр Ұландары", 3 орындарға "Алатау қырандары", "Абай" командалары иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, жақсы лебіздерін жеткізді.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: