*"Таланттылар әлемінде"* атты онлайн концерт » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қараша
2020

*"Таланттылар әлемінде"* атты онлайн концерт

Мектебімізде оқушылардың күзгі каникул кезіндегі пайдалы және белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру жүйесін дамыту мен жетілдіруге бағытталған "Қазақстан балалары-күзгі интерактив!" ұсынысын қолдау барысында мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес, 1-11 сынып талантты, өнерлі оқушылардың қатысуымен 10.11.2020 күні Google meet платформасы арқылы *"Таланттылар әлемінде"* атты онлайн концерт өткізілді. 
Онлайн концерттің мақсаты:
✅Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану негізінде балаларды эстетикалық бағытта тәрбиелей отырып, өз шығармашылықтарын дамытуға жол ашу.
✅Жеке тұлғаның шығармашылық және танымдық белсенділіктерін арттыру.
✅Адамгершілік мінез-құлықтарын қалыптастырып достық қарым-қатынас жасауға баулу.

Концерт барысында мектебіміздің оқушылары әсем әуендерін орындаса, жыр шумақтарын оқу арқылы өз өнерлерін көрсетті. Концерттің құрметті қонағы "Нысана" әзіл-ысқақ театрының әртісі Дәнекер Оразбай мырза мектеп оқушыларының өнерлерін тамашалап ыстық лебіздерін білдірсе, "Халықаралық жыршы-термешілер мен айтыс ақындар одағы" мүшесі Алтынбек Ибрагим ағамыз өзінің конценттен алған әсерін арнау айту арқылы жеткізді. 
Концерттің ұйымдастырушылары музыка пәні мұғалімдері К.Т.Аукенова, Л.Т.Тельтаева және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Е.А.Қалман, А.Сулейменова қонақтарға және қатысқан оқушыларға өз алғыстарын білдірді. 

 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: