" 🎤Алматы-әсем қалам🎤 " атты әдеби-сазды кеш » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
қыркүйек
2021

" 🎤Алматы-әсем қалам🎤 " атты әдеби-сазды кеш

📍Мектебімізде Алматы күніне байланысты 09.08.2021 жылы сағат 12:30 да " 🎤Алматы-әсем қалам🎤 " атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Әдеби кеш жауаптылары: Сулейменова Асия Ертайқызы.
Сәрсенова Гүлмира Әбілдақызы

📍Әдеби кешке мектебіміздің жас ақындары мен жыршылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Кеш мақсаты:

✅Оқушыларға әсем қаламыз Алматы туралы мәлімет беріп, білімдерін кеңейту.

✅Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

✅ Оқушыларға Алматы қаласының тарихы жайында түсінік беру.Өз елін, жерін сүйетін, өз елінің азаматы ретінде қаланың дамып, өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу.

💡Әдеби кеште сыни пікір білдірушілер: Жоғары санатты зерттеуші-педагогтар қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімдері Сәрсенова Гүлмира Әбілдақызы мен Нусупалиева Салиха Қамысбекқызы

Әдеби кеш екі айналымнан тұрды:

📌 «Жырлайды жүрек, Алматы сен деп!» (Оқушылар танымал ақын-жазушылардың Алматыға арнауларын жатқа мәнерлеп айтты)

📌 «Жас ақынмын-жас қанат!»
(Әр жас ақын өз шығармашылығынан Алматыға арнауларын ортаға салып, мәнерлеп оқыды. Өлең ұйқасы мен лексикалогиялық мағынасы тақырыпты аша алған оқушы жеке марапатталады!)

📝Әдеби кешке барлығы 15 оқушы қатысты (5-9 сыныптар)

Ең жас қатысушы:
"Нәзік үнді-жас қалам" номинациясының иегері: Бердібек Сафия 5 «Г»

1 орын 🥇 Саяхмет Айсұлу

2 орын 🥈 Бегалы Абылай

3 орын 🥉 Медет Қымбат

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: