Біз туралы » Страница 41 » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Педагогикалық тандем" жәрмеңкенің мектепішілік кезеңі өтті
01
қазан
2021
"Педагогикалық тандем" жәрмеңкенің мектепішілік кезеңі өтті
Бүгін И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББ мектепте аудандық "Педагогикалық тандем" жәрмеңкенің мектепішілік кезеңі өтті. Мақсаты: мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау, тәжірибе алмасу. Математика пән мұғалімдерінен тәлімгер Құспанғали Абзал Серікұлы жас маман Маршат Таңнұр қатысып аудандық кезеңге өтті.  
“Дұрыс тамақтану-үздік білім алудың жолы!” атты тәрбие сағаты
28
қыркүйек
2021
“Дұрыс тамақтану-үздік білім алудың жолы!” атты тәрбие сағаты
    28.09.21 күні 5”Б”-сыныбында “Дұрыс тамақтану-үздік білім алудың жолы!” атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты сынып жетекші Сымбат Сәтбайқызы және мектеп мейірбикесі Т.А.Кантарбаевамен бірлесіп ұйымдастырылды. Мейірбике "Мектеп оқушысына тамақтану жөнінде берілетін кеңестер және тамақтану тәртібі" жөнінде баяндама оқыды. Оқушылар топқа бөлініп, пайдалы және зиянды тамақтардың адам өміріне қалай әсер ететіні жөнінде өз ойларын ортаға салды.  
"Золотая осень" қалалық слетінде шыңға өрмелеу бойынша ересектер тобы арасында жүлделі ІІІ ОРЫН
27
қыркүйек
2021
"Золотая осень" қалалық слетінде шыңға өрмелеу бойынша ересектер тобы
*Көп жасау - деннің саулығы, бақытты болу - адамның өз қолындағы ісі* А. М. Кирхенштейн    26.09.2021ж.күні мектебіміздің мақтаныштары, оқушыларымыз Алатау ауданының атынан қатысқан Алматы қаласы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткізген "Золотая осень" қалалық слетінде шыңға өрмелеу бойынша ересектер тобы арасында жүлделі ІІІ ОРЫН дипломымен марапатталды. Үйірме жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ерболатұлы Ернұр Жеңісіміз құтты болсын!!! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿  
"Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі" атты бейнежазба байқауына қатысып, ІI ОРЫН иеленгенді
25
қыркүйек
2021
"Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі" атты бейнежазба байқауына
Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімі және №201 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесіне орай Алатау ауданы білім беру мекемелері арасында "Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі" атты бейнежазба байқауына қатысып, ІI ОРЫН иеленгені үшін №154 ЖББМ марапатталды. Бейнежазбаны 5 "Б" сынып жетекшісі Бектөре Сымбат Сәтбайқызы сынып оқушыларымен әзірледі. Жеңісіміз құтты болсын💐💐💐  
"ЕҢ ҮЗДІК РЕПОРТАЖ" қашықтықтан өткізілетін республикалық байқауы
24
қыркүйек
2021
"ЕҢ ҮЗДІК РЕПОРТАЖ" қашықтықтан өткізілетін республикалық байқауы
    Мектеп Парламентінің барлық мүшелерін ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "ЕҢ ҮЗДІК РЕПОРТАЖ" қашықтықтан өткізілетін республикалық байқауға Алатау ауданы И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектептің "Мектеп Парламенті" өзін-өзі басқару органдары мүшелері қатысуда... https://youtu.be/LgQq0QlFvd4   
"Абайлаңыз, балақай!" атты іс-шарасы
24
қыркүйек
2021
"Абайлаңыз, балақай!" атты іс-шарасы
Жаңа оқу жылы, жол қозғалысы қайнаған шақ. Жол бойындағы қозғалыс өте маңызды. Осы орайда балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында, сондай-ақ жаңа оқу жылының қарсаңында балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында 24.09.2021ж.күні мектепішілік 2021-2022 оқу жылына арналған Жолда жүру ережелері жоспарына сәйкес И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектебімізде 4-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен
Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай "КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!" атты челленджі бастау алды
24
қыркүйек
2021
Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай "КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!" атты
Мектебімізде 2021-2022 оқу жылының мектепішілік тәрбие жұмыс жоспары бойынша 1-11 сынып ата-аналары мен оқушыларының қатысуымен бүгін яғни, қыркүйек айының 23-нен бастап 26-на дейін қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай "КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!" атты челленджі бастау алды. Назарларыңызға 1 сынып оқушыларының бейнеролигін ұсынамыз. Челленджді 1 сынып оқушылары 2 сынып оқушылары мен ата-аналарына жолдайды...  
“Ғажайып Қазақстан” презентациялар сайысы
23
қыркүйек
2021
“Ғажайып Қазақстан” презентациялар сайысы
    Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағыты бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес “Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?” тақырыбында Қазақстан тәуелсіздігіне орай 23.09.2021жылы 9-шы қазақ-орыс сыныптары арасында “Ғажайып Қазақстан” презентациялар сайысы болды. Сайысқа қатысқан оқушылар Қазақстанның тарихы мен географиясының тың жаңалықтары және қызықты мәліметтерімен бөлісті. 9”Б” сынып оқушысы Оспан Нұрмұхаммед өзінің таныстырылымында Қазақ хандығынан бергі кезеңдерге шолу жасады,
Мектеп Парламенті мүшелерінің алғашқы отырысы
23
қыркүйек
2021
Мектеп Парламенті мүшелерінің алғашқы отырысы
    Бүгін, қыркүйек айының 22-сі күні Мектеп Парламенті мүшелерінің алғашқы отырысы болды. Күн тәртібінде: 1-сұрақ бойынша 2021-2022 оқу жылына арналған мектепішілік өзін-өзі басқару ұйымындағы Мектеп Парламенті мүшелерімен бірлесе жоспардағы іс-шараларды талқылау және уақытылы атқару; 2-сұрақ бойынша ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қашықтықтан Мектеп Парламенті мүшелерінің арасында өткізілетін "Ең үздік репортаж" республикалық байқаудың толық ережесімен таныстыру және қатысу
"Табиғат тамашалары" атты сурет байқауы
22
қыркүйек
2021
"Табиғат тамашалары" атты сурет байқауы
     Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Абдибаеа Г.А., Жолдасова Н. ұйымдастырумен мектепішілік "Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие" бағытының жоспары бойынша, "ЭКОstar" жобасы аясында 22-23.09.2021ж. күндер аралығында 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен "Табиғат тамашалары" атты сурет байқауын өткізді.       Сурет байқауына барлығы 10 оқушы қатысқан. Байқау нәтижесі бойынша 1 орын-Талап Кайсар 3 "А"сынып, Асылхан Альзахра 4 "Б" сынып, 2 орын- Асанбек Шыңғыс, Қасымбек Айзере 3 "А" сынып, 3