Мектеп Парламенті мүшелерінің алғашқы отырысы » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
қыркүйек
2021

Мектеп Парламенті мүшелерінің алғашқы отырысы

    Бүгін, қыркүйек айының 22-сі күні Мектеп Парламенті мүшелерінің алғашқы отырысы болды.
Күн тәртібінде:
1-сұрақ бойынша 2021-2022 оқу жылына арналған мектепішілік өзін-өзі басқару ұйымындағы Мектеп Парламенті мүшелерімен бірлесе жоспардағы іс-шараларды талқылау және уақытылы атқару;
2-сұрақ бойынша ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қашықтықтан Мектеп Парламенті мүшелерінің арасында өткізілетін "Ең үздік репортаж" республикалық байқаудың толық ережесімен таныстыру және қатысу жұмыстарын жүзеге асыру.
Күн тәртібіндегі 1-сұрақ бойынша Ақпарат және баспа фракциясының жетекшісі 11 "Б" сынып оқушысы Әбілғазы Нұржамал жылдық жоспармен таныстырса, басқа фракция жетекшілері өткізілетін іс-шаралардың уақытылы өтілуін қадалайтын болды.
2-сұрақ бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі М.Ж.Мусабекова аталмыш байқаудың ережесімен таныстырды және сол байқауға белсенділік танытып, қатысып жүлделі болуды атап айтты.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: