Мектеп ұжымымен «Мектеп бойынша оқушылар мен тәрбиеленушілердің ата - аналарынан ақшалай қаражат жинауға тыйым салу туралы» онлайн өндірістік жиналыс » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Мектеп ұжымымен «Мектеп бойынша оқушылар мен тәрбиеленушілердің ата - аналарынан ақшалай қаражат жинауға тыйым салу туралы» онлайн өндірістік жиналыс
15
қыркүйек
2021

Мектеп ұжымымен «Мектеп бойынша оқушылар мен тәрбиеленушілердің ата - аналарынан ақшалай қаражат жинауға тыйым салу туралы» онлайн өндірістік жиналыс

Бүгін, 15 қыркүйек күні мектеп ұжымымен ZOOM платформасында онлайн форматта өндірістік жиналыс өткізілді.

Күн тәртібінде 1-сұрақ бойынша мектеп директоры Қаламқас Қалиқызы Алмасбаева Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының  8 бабының  2  тармағына және Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс-қимыл туралы» туралы Заңына сәйкес, және оқушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарынан ақша жинауға жол бермеу мақсатында Алматы қаласы Білім Басқармасы 24 қазан 2019 жыл № 03-1-4/893 бұйрығын басшылыққа ала отырып, мектепішілік 31 тамыз 2021 жыл №120 бұйрығы «Мектеп бойынша оқушылар мен тәрбиеленушілердің  ата - аналарынан ақшалай қаражат жинауға тыйым салу туралы» бұйрығы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.

Мектеп басшысы аталмыш бұйрықтағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілерінің ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) ақша қаражаттарын жинаудың барлық түрлеріне,соның ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге, мерекелік іс- шараларға, мектепке оқушыларды  қабылдауда, білім беру ұйымдарында оқыту үшін, қайырымдылық есепшотына мәжбүрлеп және  әр түрлі қажеттіліктер үшін білім беру ұйымының әкімшілігінен, мұғалімдері мен оқушылардан ақша жинауға жол берілмейтігі және осы бұйрықты орындамағаны үшін мектеп педагогтары мен сынып жетекшілерін лауазымдық қызметінен босатуға дейін тәртіптік жаза қолданылатындығын» нақты айтты.

Оқу жылының басынан барлық 1-11 сынып жетекшілері бұйрықпен танысып, қол қойғандығы және мектеп кіреберісінде ата-аналар бұрышында ілінгендігі де айтылды.

2-сұрақ бойынша мектеп басшысы сынып жетекшілерге оқушы денсаулығының қауіпсіздігін алдын-алу бойынша оқу кабинеттеріндегі кварцтың уақытылы қойылуы, күнделікті температура өлшеп, дәптерге жазуды,  мектеп ішінде бетпердемен жүруді және әрбір 2 сағат сайын ауыстыру керектігін тағы да ескертіп өтті.

   

         

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: