СФЕРА платформасын қолдану бойынша оқыту семинары » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қыркүйек
2020

СФЕРА платформасын қолдану бойынша оқыту семинары

Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББ мектепте 2020 жылдың қыркүйек айының 17-сі күні мектеп басшысы К.К.Алмасбаева және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.А.Изтлеуова мектеп мұғалімдеріне қашықтан оқыту жүйесіне арналған СФЕРА платформасын қолдану бойынша оқыту семинарын өткізіп, осы платформаны пайдаланып жүрген мұғалімдермен өзара пікір алмасып, қосымша ақпараттармен бөлісті.
Семинар барысында қазіргі таңда қолданысқа ие платформаның менеджерлері мұғалімдерге аталған платформаны қолдану, оқушылар мен ұстаздардың тіркелу мәселесі, сабақ кестесін құру, онлайн сабақ өткізу жұмыстары бойынша кейбір ақпараттарды кеңінен таныстырды. Ал, мектеп мұғалімдері отандық өнімді осы уақытқа дейін пайдаланып жүргендігін және оқушылар мен мұғалімдер үшін тиімді, әрі оңай екенін тілге тиек еткізді.

  



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: