"Қоңыр аруы-2019" қыз сыны байқауы » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
сәуір
2019

"Қоңыр аруы-2019" қыз сыны байқауы

23.02.2019ж.күні Иштван Қоңыр Мандокидің 75жылдығына орай, 8 наурыз халықаралық аналар мерекесі қарсаңында Алатау ауданы И.Қ.Мандоки атындағы 154 жалпы білім беретін мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Д.Мусабекова., аға тәлімгер Е.Б.Елтай және 9 сынып жетекшілері Г.А.Абдибаева., Ф.Қ.Қалмаханова., Д.Н.Дюсембаева., М.С.Копабаева , Г.Ч.Кулкубаева ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін "Қоңыр аруы-2019" қыз сыны байқауы жоғары өтті. 
Байқауда 9 "А" сынып оқушысы Бегалы Айсұлу, 9 "Ә" сынып оқушысы Қалдыбаева Айгерім, 9 "Б" сынып оқушысы Абуғалиқызы Ақбота, 9 "В" сынып оқушысы Баяхметова Айым және 10 "Б" сынып оқушысы Болат Майгүл қатысып, сынға түсті. Қатысушы аруларымыздың өз өнері, таныстыру, әдемі киім үлгісі, сұрақ- жауаптан тұратын байқауда әр кезеңінде ерекше көзге түсіп, жоғары балл иеленіп отырды.
Байқау нәтижесі бойынша 9 "Б" сынып оқушысы Абуғалиқызы Ақбота "Қоңыр аруы" атағын жеңіп, аудандық байқауға жолдама алды.
Қалған қатысушы аруларымыз "Көрікті қыз", "Өнерлі қыз", "Әдемі қыз" номинацияларын қанжыларына байлады.
Қыз сыны байқауына белсенділік танытқан 9 сынып жетекшілеріне және қатысушы аруларымызға мектеп ұжымы атынан әрқашан жеңісті және қуанышты күндер тілейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: