Ақын-айтыскері Ринат Заитовпен кездесу... » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
қыркүйек
2021

Ақын-айтыскері Ринат Заитовпен кездесу...

Қыркүйектің он алтыншы жұлдызында И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектепте “Тіл тұғыры – ел тұғыры” атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Өткізілген кешіміздің арнайы қонағы ретінде еліміздің от ауызды, орақ тілді, дара ақын-айтыскері Ринат Заитов шақырылды. «Ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше , көңілдің түйгенін адам ғана тіл міндетін нағыз білер жан » деген идеяны басты негізге ала отырып, оқу жылының шымылдығын тілдер мерекесімен ашылуымен құттықтаймыз!
Мектеп оқушыларынан құралған әншілер мен өлең оқу мәнеріндегі сайыстардың куәсі болдық. Мажар тіліндегі ән шашу, бірнеше ұлттың ұлттық билері мен айтыс сүйер қауымды сағынған жұртшылық қайта қуануына себеп болды. Ринат Заитовпен сұхбат, оқушылармен әңгімелесу және болашақ ұрпақтың дамуына жол ашар бата-тілек берілді.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: