Алмасбаева Қаламқас Қалиқызы "Нұр Отан" партиясы Алатау аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алмасбаева Қаламқас Қалиқызы "Нұр Отан" партиясы Алатау аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі
23
қаңтар
2019

Алмасбаева Қаламқас Қалиқызы "Нұр Отан" партиясы Алатау аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында жеті ерекшелік туралы айтқанда еліміздің тарихи мұраларына аса мән беріп өтті. Елбасымыз Рухани жаңғырудың жалғасы ретінде жария етіп отырған тарихи маңызы зор, бұл мақаласына Ұлы дала өркениеті дамуының жеті құндылығын арқау еткен. Мен өз ойымды қоса отырып, әр Қазақстан Республикасының азаматы ретінде тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тəрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс деген ой тұжырымдадым. Елбасымыздың сөзіне қосыла отырып, қазіргі кезде мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану мұражайларының жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру ұсынысын қолға алуды қолдадым. Осының маңыздылығына тоқтала кетсек, Елбасымыз айтқандай «Ұлы Дала тұлғалары» және Қазақ ұлтының шығу тарихын сондай-ақ болашақ ұрпаққа ата-бабамыздың жасаған ерліктерін мақтанышпен насихаттаймыз. Мақалада адамзат баласының дамуында зор мәдени жетістіктердің басым шоғыры, біз туып-өсіп, мекен етіп отырған кең байтақ өлкеде пайда болып, дүниенің төрт бұрышына тарағаны туралы жазылған. Әрине, бұл Ұлы дала төсінде Мәңгілік Елге айналуды мақсат тұтқан мемлекетіміздің мәдени даму тарихының тереңде жатқандығын тағы да растап отыр. Сонымен қатар, Елбасымыздың мақаласында еліміздің тарихына ауқымды көзқараспен қарап, өткеніміз бен бүгінгі күнді пайымдай келе, ұлттық құндылықтарымызды рухани дамуымыздың бағдар шамы ретінде, тағы да айқындап беріп отыр. Бүгінгі қазақ ұрпағы осы тарихи деректер мен шындықтарды бойына сіңіріп қана қоймай, оның әр бөлшегін қастерлеуі, бағалауы, мақтан тұтуы керек деп ойлаймын.
Бүгінгі күнде цифрлы технологиялар әлемі сәт сайын жаңғыруда.
Барша Қазақстандықтарға ел болашағы үшін, жалпыұлттық бағдарламаға айналып отырған Рухани даму арқылы, Ұлы дала мәдениетінің көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету және оны жаңғырту міндеті ұсынылып отыр. Осы орайда Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жаһандану заманында жан-жақты дамыған мемлекеттердің қатарына енуге Отаным Қазақстанға өз үлесімді келешекте үлгі болатындай өз үлесімді қосатыныма нық сенімдемін.
Біз еліміздің Мәңгілік елге айналып, әрдайым өркениет көшінің басында жүруіне аянбай қызмет етуіміз қажет деген ойдамын.

Алмасбаева Қаламқас Қалиқызы

"Нұр Отан" партиясы Алатау аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, БПҰ-ың төрайымы
№154 Мандоки атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: