«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ақпан
2019

«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы

Алатау ауданы И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББ мектепте Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде жыл сайын өз жалғасын тауып келеді. Акцияның мақсаты «Қазақстан – 2050» Стратегиясында белгіленген балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру. Маңызды міндетіміз қамқорлық жасау.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы 2019 жыл «Жастар жылына» орай мектебімізде "Тәуелсіз елдің-тәуелсіз жастары" жас мамандар ұйымы құрылды. Ұйым мүшелері біріге отырып, ұйымшылдығын көрсетіп, бір жеңнен қол бір жағадан бас шығарып, қайырымдылық акциясын бастады. Төрт бірдей отбасыны азық түлікпен қамтамасыз етті. 
Осы «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектебіміздің ұйым мүшелеріне айтар алғысым шексіз. Атап өтер болсам: Сырқабай Арайлым, Лесбай Ұлжан, Момын Айдана, Шалтабай Гүлнұр, Анарбек Гүлназ, Базарбаева Әйгерім, Досыбаева Салтанат, Қаламбай Назерке, Елтай Балжан, Абушахмаева Жансая, Спанәлі Назерке, Тыныштық Айдана, Сартаева Динара, Ұзақбай Гүлзира, Балғабаева Ақнұр.
Мектебіміздің тұрақты демеушісі АО Тепло РОСС компаниясы 15 оқушыға жылы киіммен көмек көрсетті. Асхана арендаторы А.И.Фатьянов мырза да жомарттылығын танытып 3 отбасыға азық түлікпен көмек көрсетті.
Осындай қайырымдылық акциялары әлі де өз жалғасын таба берсін.
Жақсылық жасау – имандылықтың тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.

 

 

 

 

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: