2019 жыл "Жастар жылы" » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
қаңтар
2019

2019 жыл "Жастар жылы"

"Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек" - деп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2019 жыл "Жастар жылы" деп жариялады. 
Осыған орай, мектебімізде арнайы мектепішілік жоспар құрылып, бекітілді.
Жоспарға сәйкес, 17.01. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің мұғалімдері "Болашаққа-үміт, жастарға-сенім" тақырыбында мектебіміздегі жас мамандар эссе жазды. Эссенің нәтижесі бойынша І орынды қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Спанәлі Назерке, ІІ орын тарих пән мұғалімі Сабыржан Альбина иеленсе, ІІІ орын бастауыш сынып мұғалімі Сырқабай Арайлым қанжығасына байлады. 
23.01 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Жақашбаева Зейнеш Кеңесбековна және Нусупалиева Салиха Қамысбекқызының ұйымдастыруымен "Ел ертеңі-білімді жастар" тақырыбында жас мамандармен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде жастар мәселесі туралы тақырыптар қызу талқыланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: