Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қараша
2018

Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы

Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы

Мемлекеттік деңгейде аталып өтетін мерекенің бірі – Тұңғыш Елбасы күнінің маңызы ерекше. 1991 жылы 1 желтоқсан күні сан ғасырлар бойы аңсап келген қазақ жерінде тұңғыш Президент сайлауы өтіп, ақ түйенің қарны жарылған күн еді. Ел тағдырын қолына алған мемлекетіміздің Көшбасшысы Қазақстанның дамуына аянбай еңбек етіп, Қазақстанның қарыштап дамуына қажыр мен қайрат, ұлтына деген сүйіспеншілігін таныта білді. Бұл күнді атап өтудегі мақсат өскелең ұрпақттың Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады. Осы айтулы мереке Иштван Қоңыр Мандоки атындағы № 154 жалпы білім беретін мектепте жалғасын тапты. Іс – шараға Алатау аудандық ардагелер кеңесінің төрағасының орынбасары Сағидолла ақсақал, Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы Касымбекова Айгүл Жұмабекқызы, «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасаев Мұқанқали Тұрашұлы, Алатау ауданы Нұр Отан партиясы филиалының кеңесшісі Есенбай Қордай Сансызбайұлы, Гончаров атындағы ҚазАДИ университетінің проректоры Рамазан Бекбол мырза және Алматы ақшамы газетінің тілшісі Нұрлан Сүйін, Алматы қалалық орталық мұрағаттың маманы Акаева Ғалия ханым келіп, жас өнерпаздарымыздың өнерін тамашалады. Концерттің шымылдығын барша көрерменнің жүрегін селк еткізген мектеп оқушыларынан құрылған оркестрдің орындауында «Әлқисса» күйінен бастау алып, «Жұлдыздар» би тобының мың бұралған бишілерінің биімен жалғасын тапты. Жас көркем сөз оқу шеберлері Елбасыға арнаған жыр шумақтарын арнады. Елбасы өмірінен алынған сахналық қойылым көрерменнің көңілінен орын алды. Сонымен қатар, оқушылар ғана емес мектебіміздің өнерлі ұстздары да өз өнерлерімен қонақтарды таңқалдырды. Тарих пәнінің мұғалімі Сабыржан Альбина және технология пәнінің мұғалімі Бөбекбаев Жарас «Ұлы дала» әнін орындаса, музыка пәні мұғалімі Аукенова Қарлығаш пен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Агабеков Қанат «Қазақстаным – ұлы Отаным» әнін шырқады. Мектебіміздің жас бұлбұлдары Азизова Гульфируза «Мой Казахстан» әнін орындаса , Абсамат Сырымның орындауындағы асқақтата шырқалған «Самға» әні болашақта Тәуелсіз Қазақстанымыздың қарыштап дами беретініне сенім ұялатып, жастардың бойына қанат бітіріп, рухы биіктеп, армандарға құлшыныс арттырды. Осы мерекелік кешті ұйымдастырған менің әріптестерім Агабеков Қанат, Матайбаев Еркін, Сыздықов Еркебұлан, Арғынов Қуаныш, Бөбекбаев Жарас, Медеубаева Меруерт, Оразбекова Гүлбаршын, Сабыржан Альбина, Есенкулова Әсемгүл, Базарбаева Жазира, Молдашева Анарға жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек еткендері үшін алғысымды білдіргім келеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: