«Мектепке барар жол» акциясы » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
тамыз
2018

«Мектепке барар жол» акциясы

 

 

 Дәстүрлі «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы биылғы жылы 1 тамаз бен 30 қыркүйек аралығында «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен басталды.

Акцияның мақсаты аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп,қолдау көрсету.Осындай игі іс-шараларды ұйымдастыру Алатау ауданына қарасты И.Қ.Мандоки атындағы ЖББ №154 мектепте дәстүрге айналған.

 

  Баланы мектепке дайындау әр отбасына әсіресе аз қамтылған, көп балалы отбасына үлкен қиындық тудырары анық.Балаларымыздың бақытты болашағы үшін үнемі қолдау көрсетіп отыратын «Тепло РОСС» АҚ-ы биыл да демеушілік танытып, 13 оқушыға материалдық көмек көрсетті.Әрбір оқушыны мектеп формасымен,спорттық киім және аяқ киіммен қамтамасыз етті. Сонымен қатар мектеп ұжымы 6 оқушыға оқуға керек құрал-жабықтар салған сөмке сыйға тартты. Ата-аналар мен мектеп әкімшілігінің демеушілерге алғыстары шексіз.

Осындай арамызда қайырымды жандар  бар болғаны зор қуаныш, жастарға үлгі.

 

 

 

 

№154ЖББМ әлеуметтік педагог Бұхарбаева Ә.Ә.

 

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: