Іс-шаралар » Страница 30 » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тәуелсіздікке бастар жол" онлайн челенджі
07
желтоқсан
2020
"Тәуелсіздікке бастар жол" онлайн челенджі
Алматы қаласы, Алатау ауданы И.Қ.Мандоки атындағы №152 мектеп-гимназиясынан "Тәуелсіздікке бастар жол" онлайн челенджін қабыл алдық. Челенджді Тәуелсіздік жолында Елбасымен еңбек еткен ұлы тұлға Шәмші Қалдаяқовтың еңбек жолымен жалғастырдық. Ары қарай Алатау ауданы №151 жалпы білім беретін мектепке жолдаймыз! https://www.instagram.com/tv/CIiqhXjhwCAiMKOTQge3m1QGBn6utijKnfwqo40/?igshid=by8c30hlqmwx   
Тау туризмі үйірмесінің қатысушысы, жас құтқарушысы Құрманғазы Асқар 2 орын алды!
07
желтоқсан
2020
Тау туризмі үйірмесінің қатысушысы, жас құтқарушысы Құрманғазы Асқар
Алматы қаласы Оқушылар сарайы ұйымдастырған "Алтын күз "атты жарыста Тау туризмі үйірмесінің қатысушысы, жас құтқарушысы 154 ЖББМ 10-сынып оқушысы Құрманғазы Асқар 2 орын алып, мақтау қағазымен марапатталды. Жетекшісі: Ерболатұлы Ернұр  
"Менің Отаным - Қазақстан" атты жарыста "Туған өлке соқпақтары" номинациясы бойынша Абдиманап Балжан 3 орын алды
03
желтоқсан
2020
"Менің Отаным - Қазақстан" атты жарыста "Туған өлке соқпақтары"
Алматы қаласы Оқушылар сарайы ұйымдастырған "Менің Отаным - Қазақстан" атты жарыста "Туған өлке соқпақтары" номинациясы бойынша  Тау туризмі үйірмесінің қатысушысы, жас құтқарушысы 154 ЖББМ 10-сынып оқушысы Абдиманап Балжан 3 орын алып, мақтау қағазымен марапатталды. Жетекшісі: Ерболатұлы Ернұр  
"Жалпыадамзаттық Құндылықтар" күні
23
қараша
2020
"Жалпыадамзаттық Құндылықтар" күні
И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББМ  2020 жылдың 23 қарашада "Жалпыадамзаттық Құндылықтар" күніне арналған іс-шаралар өткен болатын. Жалпыадамзаттық құндылықтар мақсаты: адамгершілік мұраларды, рухани ағартушылық қасиеттерді қазіргі жеткіншектердің меншігіне айналдыру, ата-бабаларымыздың дәстүрлері мен тәжірибелерін үйрену, ұлттық рухымызды, жеке тұлғаның бойына имандылық нұрын ұялатуға, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету. Іс-шараға
"Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" атты байқауы
21
қараша
2020
"Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" атты байқауы
Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Алатау ауданы жалпы білім беретін мектептері кітапханашыларының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Алатау ауданы мұғалімдері арасында өткен "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" атты байқауда "Абай әндері" номинациясы бойынша мектебіміздің география пәні мұғалімі Кабулова Рабия қатысып, жүлделі ІІІ ОРЫН иеленді. Мектебіміздің кітапханашылары Жанболатова С.М., Кошкарбаева Б.    
«Дау-жанжал кезіндегі сіздің әрекеттеріңіз»
18
қараша
2020
«Дау-жанжал кезіндегі сіздің әрекеттеріңіз»
2020 жылдың 18-ші қараша күні мектеп психологы Г.К.Туганбаева 7 сынып оқушыларына арналған «Дау-жанжал кезіндегі сіздің әрекеттеріңіз» (психологтің кеңесі) тақырып төңірегінде әңгімелесу ұйымдастырды. Барлығы 173 оқушы қатысты.      
«Өзіңді қорға!» құқық қорғау органы қызметкерімен онлайн кездесу
14
қараша
2020
«Өзіңді қорға!» құқық қорғау органы қызметкерімен онлайн кездесу
"Қазақстан балалары-күзгі интерактив!" ұсынысын қолдау барысында мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектебімізде күнделікті іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Өзіңді қорға!» тақырыбында құқық қорғау органы қызметкерімен 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен 14.11.2020ж күні мектеп ұжымы және тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуіміздің қонағы Алатау ауданы жергілікті
"БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!" тақырыбында онлайн кездесу
12
қараша
2020
"БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!" тақырыбында онлайн кездесу
"Қазақстан балалары-күзгі интерактив!" ұсынысын қолдау барысында мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мусабекова Макпал Жаныбековнаның ұйымдастырумен 12.11.2020ж күні Zoom платформасы арқылы "БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!" тақырыбында онлайн кездесу өтті.  Кездесудің құрметті қонақтары  ⭐ АЙБЕК ҚАБЫЛША - "Хабар" агенттігі, спорт комментаторы, спорт жаңалықтарының жүргізушісі, "ProSport" бағдарламасының продюсері.  ⭐ *БЕК НҰРМАҒАНБЕТ* -2019
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты интелектуалдық, танымдық ойын
11
қараша
2020
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты интелектуалдық, танымдық ойын
"Қазақстан балалары-күзгі интерактив!" ұсынысын қолдау барысында мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Адал ұрпақ» ұйымы мүшелері 10 сынып оқушылары Нұрғали Мөлдір және Әбілғазы Нұжамалдың  ұйымдастыруымен 9 сынып  оқушыларының қатысуымен 11.11.2020ж күні Google meet платформасы арқылы «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты интелектуалдық, танымдық ойынын жоғарғы деңгейде өткізді. Мақсаты: мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, рухани- адамгершілік және азаматтық -
"Пайдалы ойындар" робототехника байланысты онлайн тренинг
11
қараша
2020
"Пайдалы ойындар" робототехника байланысты онлайн тренинг
Оқушылардың күзгі каникул кезіндегі пайдалы және белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру жүйесін дамыту мен жетілдіруге бағытталған "Қазақстан балалары-күзгі интерактив!" ұсынысын қолдау барысында мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес,информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  5-9 сынып  оқушылардың қатысуымен 11.11.2020ж күні Google meet платформасы арқылы ғылыми-техникалық бағыты бойынша "Пайдалы ойындар" робототехникаға байланысты онлайн тренинг өткізді.