«Өзіңді қорға!» құқық қорғау органы қызметкерімен онлайн кездесу » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
қараша
2020

«Өзіңді қорға!» құқық қорғау органы қызметкерімен онлайн кездесу

"Қазақстан балалары-күзгі интерактив!" ұсынысын қолдау барысында мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектебімізде күнделікті іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Өзіңді қорға!» тақырыбында құқық қорғау органы қызметкерімен 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен 14.11.2020ж күні мектеп ұжымы және тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында онлайн кездесу өтті.
Кездесуіміздің қонағы Алатау ауданы жергілікті полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Мухтаева Тоқтар Қабасұлы.
Кездесуіміздегі басты қаралған мәселе қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Кездесу барысында кіріспе сөз алып тарих пәні мұғалімі Сабыржан Альбина Ержанқызы жасөспірімдерге бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете білгені, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны туралы және заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жететіні жөнінде түсіндірді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу, оны бұзу - жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі айтып отыру біздің міндетіміз.

Сондай-ақ тарих пәні мұғалімі Копабаева Меиргуль Султанхановнаның жетекшілігімен 9-сынып оқушылары Сагитжанов Бек және Копбаева Маржан "Әлеуметтік коммуникациялық желілердегі жасөсіпірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен алдын-алу жолдары" туралы әлеуметтік ғылыми жобасын таныстырып өтті. Жоба аясында мектеп оқушылары арасында сауалнамалар алынып оның нәтижесімен таныстырып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 
Осы тұста Алатау ауданы жергілікті полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Мухтаева Тоқтар Қабасұлы сөз алып, оқушыларға бүгінгі кездесудегі басты қаралған мәселеге тоқталып толық мағлұматтар беріп өтті және оқушыларымызды толғандырған сұрақтарға толымды жауап қайтарып, өзара тамаша пікір алмасылды. Мемлекетіміздің болашағы – өзіміз тәлім-тәрбие беріп отырған жас жеткіншектер. Ал олардың қисық ағаштай болмай, түзу өсуін, еліміздің парасатты азаматтары болып шығуын қадағалау – біздің тікелей міндетіміз. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінгі жастар еліміздің болашағы. Сондықтан әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақыттарында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, оқушыларымыз мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастырса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық және қылмыстардың төмендеуіне септігін тигізері анық.

 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: