"БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!" тақырыбында онлайн кездесу » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қараша
2020

"БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!" тақырыбында онлайн кездесу

"Қазақстан балалары-күзгі интерактив!" ұсынысын қолдау барысында мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мусабекова Макпал Жаныбековнаның ұйымдастырумен 12.11.2020ж күні Zoom платформасы арқылы "БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!" тақырыбында онлайн кездесу өтті. 

Кездесудің құрметті қонақтары 

АЙБЕК ҚАБЫЛША - "Хабар" агенттігі, спорт комментаторы, спорт жаңалықтарының жүргізушісі, "ProSport" бағдарламасының продюсері.

  *БЕК НҰРМАҒАНБЕТ* -2019 жылғы Азия чемпионы, кәсіпқой боксшы. Құрлықтық турнирдің алтын медалінің иегері. 

 Кездесу барысында мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Копабаева Меиргуль Султанхановна алғаш сөз кезегін алып қонақтарымызды мектеп тарихымен таныстырды. 

Тамаша сұхбаттан, тамаша әсер алдық! Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары кездесуден керемет шабыт алды деген сенімдеміз. Кездесу қонақтарынан айтқаның қорыта келе, біздің түйгеніміз: Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет ететін білдік. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік- экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсер етуде. Президенттің “Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында, “...азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. Ең ұлы жеңіс – өзіңді-өзің жеңу, демекші, барша ұстаздарымызды, шәкірттерімізді, ата-аналарымызды әсіресе, еліміздегі орын алып отырған пандемия жағдайында салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз! Ал, кездесуіміздің қонақтары Бек Нұрмағанбет пен Айбек Қабылша мырзаларға шығармашылық табыс, еліміздің рухын көтеретін елдің батырлары болып, көк байрағымыздың желбіреуіне, еліміздің әлемге танылуына үлестеріңізді қосып жүре берулеріңізге тілектеспіз! Біз сіздермен мақтанамыз!!!

 

























 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: