“Ата жұртын аңсаған Қоңыр…” еске алу кеші… » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ақпан
2023

“Ата жұртын аңсаған Қоңыр…” еске алу кеші…


Мектебімізде жыл сайын дәстүрге айналған Қоңыр Мандокидің еске алу кеші биылда атап өтілді.
Кештің құрметті қонақтары Алматы қаласындағы Мажар елшілігінің бас консулы Ференц Блауманн мырза, жұбайы Терреза Блауманн ханым, Қажыбек Ерден Задаұлы - профессор, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Қазақ тілі Академиясының президенті, Қоңырдың шәкірті, досы, Мәсәлім Ернар Шәуенұлы - Қоңыртанушы, "Түріксой" ғылым орталығының мүшесі, "VITEZI REND" күміс-алтын кресінің иегері. ардақты зейнеткер, Жұмахметұлы Ермек – журналист, Болатбаев Омар Бекенұлы – мәдениет үздігі, Арман Масақұлы және т.б. Қоңыр Мандоки туралы естеліктерімен бөлісіп, оқушыларға жылы лебіздерін білдірді.
Кеште арнайы Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Музыка кафедрасының студенттері "Нәзік" жетігеншілер ансамблі Халық әні "Көзіңнің мөлдірін-ай" мен "Ұлар" этно-фольклорлық ансамблі Шығыс әуеніне жазылған шығарма "Новай шарк" және Халық әні "Қара жорға" орындап, өнерлерін көрсетті. Оқушылар өлең оқып, музыка пәні мұғалімі А.Ә.Әмір Венгр тілінде ән шырқады.

@oqu_agartu_ministrligi
@akmurzaevakarlygash
@kalamkaskalievna
@alatau_bilim_bolimi
@kaldybekov_azamat
@qyzpukz

https://www.instagram.com/p/CopUqYjMkpM/?utm_source=ig_web_copy_link 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: