Педагогикалық кеңесте… » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қаңтар
2023

Педагогикалық кеңесте…



6.01.2023ж. күні ұстаздармен кезекті №4 педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңес семинар-тренинг форматында ұйымдастырылды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша “Сенімен болашақ” Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің маманы «Педагогтың әдебі – дұрыс қарым-қатынасқа негізі» тақырыбында Қуаныш Қуатқызы педагогтың әдебі мен мәдениеті туралы тренинг жүргізген спикер бірлестік жайлы да мағлұмат берді. Саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру бағытындағы бірлестік тарапынан атқарылған іс-шараларға тоқтады. Соның ішінде мұғалімнің мәдениеті де баламен, ата-анамен дұрыс қарым-қатынас орнатуға ықпал жасайтынын жан-жақты түсіндіріп берді. Педагогикалық кәсіпті меңгерген жан кәсіби біліктілігімен қоса әдептілігін де дамытып отырса саналы қоғам құруға бір табан жақындайтынымызды айта кеткен Қ.Қуатқызының сөзін отырғандар бірауыздан қолдады. Мектеп директоры Қаламқас Қалиқызы алғысын білдіріп, алдағы уақытта қоғамдық брлестікпен мектебіміздің ата-аналарымен бірлесе жұмыс жасайтындығын айтып өтті.
«Өрлеу» Республикалық біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының оқытушысы Байқоныс Ануар Жарылқасынұлы (математика ғылымдарының магистрі, информатика ғылымдарының докторы, PHD) «Тиімді жоспарлау – нәтиже бастауы» тақырыбында ұлттық құндылықты, сабақ мақсатының негізі етіп жоспарлау тұрғысында оқу-танымдық лектория жүргізді. Ұстаздар бұл форматтан үлкен әсер алып, ой бөлісті. Көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мардымды-маңызды ақпарат алды.
Әлеуметтік педагог Ә.Ә.Бұхарбаева күн тәртібіндегі мәселе бойынша, 2022-2023 оқу жылындағы мектеп бойынша көп балалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасыларының балаларына көрсетілген көмектер, сонымен қатар «Жаңа жылдық» мерекеге орай берілген тәттілер бойынша тоқталып кетті.
Әрі қарай күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.А.Изтлеуова екінші тоқсанды қорытынды есебіне тоқталып, үшінші тоқсандағы жұмыс жоспарымен таныстырды.

@oqu_agartu_ministrligi
@akmurzaevakarlygash
@kalamkaskalievna
@sabi.iz777
@senimenbolashaq


https://www.instagram.com/reel/CnPK6GGITW4/?utm_source=ig_web_copy_link 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: