"1-қыркүйек Білім күні құтты болсын!" » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қыркүйек
2020

"1-қыркүйек Білім күні құтты болсын!"

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар!

Сіздерді 1-қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Биылғы 2020-2021 жаңа оқу жылын қашықтан оқыту форматында бастау туралы шешім қабылданған болатын. Қазіргі таңда барлығымыз үшін ең басты назарда – балалар мен мұғалімдердің денсаулығы, қауіпсіздігі. Әрбір жаңа оқу жылы жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы іспеттес. Еңбектің ең үлкені - Білім! - демекші, біз білім сапасына ерекше көңіл бөлуіміз керек! Ең бастысы – қашықтан оқытуды дұрыс жағынан пайдаланып, қиындыққа мойымай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірге әрекет жасасақ, бағындырар биігіміз әлі алда. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты іс.
Осы орайда мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер үлкен өмірге жасаған қадамдарың құтты болсын! Еліміздің білімді, жанашыр азаматы болыңыздар!
Ал барша шәкірттеріме осы тамаша заманның керемет мүмкіндіктерін пайдаланып, пайдалы білім, саналы тәрбие алуларына тілектеспін.
Ұстаздарға осынау сын сағатта, ұрпақ тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін! Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілеймін! Мереке құтты болсын!

  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: