Республикалық бірегей педагогикалық кеңес отырысы » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
тамыз
2020

Республикалық бірегей педагогикалық кеңес отырысы

Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 ЖББ мектебінде 19 тамыз 2020 жылы жалпы республикалық бірегей педагогикалық кеңес отырысы синхронды форматта өткізілді.
Педагогикалық кеңестің тақырыбы: 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру.
Күн тәртібінде:
1. Жаңа оқу жылындағы форматтар
2.Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;
3.Қашықтан оқыту мұғалімнің жұмыс орны мен ережелері;
4.Техникалық дайындық пен жұмыс орны;
5.Педагог имиджі мен этикетін сақтау;
6.Мектепте қашықтан оқытуды пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен танысу;
7.Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау; 8.Баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек? Осы ретте мектеп директоры Алмасбаева Қаламқас Қалиқызы педагогикалық кеңес мақсатымен күн тәртібін таныстырып, кіріспе сөзден бастады. Оқу жылының басталуымен құттықтап, 2020-2021 оқу жылындағы қашықтан оқыту ерекшеліктерімен ережелерін таныстырып өтті. Сабақ өту платформасы талқыланды, оқуды бағалау, формативті бағалау шкаласы таныстырылды. Кеңес соңында түрлі сұрақтар талқыланды. Бүгінгі кеңес өте маңызды мәселелерді қараумен ерекшеленеді.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: