Бастауыш сынып бірлестігі » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
маусым
2017

Бастауыш сынып бірлестігі

 

Бастауыш сынып әдістеме  бірлестігінің

2016-2017 оқу жылының қорытынды есебі.

 

Бастауыш сынып әдістеме бірлестігі жұмысының тақырыбы:

«Бастауыш сыныптардың оқу тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыра отырып,бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу.»

 

Әдістемелік жұмыстың мақсаты:

Ақпараттық технология әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып,жан-жақты дамыған,ізденімпаз тұлға қалыптастыру.

 

Әдістемелік жұмыстың міндеттері:

1.Мемлекеттік стандарттың орындалуы.

2.Дарынды балалар орталығының жұмысын бір жүйеге келтіру.

3.Көмекті қажет ететін оқушылармен жұмысты жандандыру.

4.Мұғалімнің өз булумун көтеру,іс-тәжрибесін тарату.

5.Сабақты жүйелі түрде толыққанды дайындықпен өткізу.

6.Оқушыларға өзіндік ізденуге бағыт бағдар бере отырып,шығармашылыққа баулу

7.Ата-анамен бірлескен сыныптан  тыс іс-шараларды ұйымдастыра отырып,ата-анамен                қарым-қатынасты нығайту.

 

         Бастауыш мектеп-баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу,оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты.Жалпы адамның мектептегі  білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс,сапалы нәтижеге жетуі үшін бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі қазіргі заман талабына сай болуы шарт.Мектептегі кез-келген жаңарулар бастауыш мектептен басталады.Сондықтан бастауыш мектеп мұғаліміне қойылар талап пен жауапкершілік те салмақты.Осындай міндеттерді шешуде мұғалімдер қауымымен жүргізілетін іс-шаралар алдын ала ұйымдастырылып отыруы заман талабы деп түсінеміз.

Қазіргі таңда бастауыш сынып әдістеме бірлестігінде 43 ұстаз еңбек етеді.

 

Бастауыш сынып әдістеме бірлестігі мұғалімдерінің

санаты бойынша  көрсеткіші.

жоғары санат

І санат

ІІ санат

санатсыз

2

7

14

17

 

Бастауыш сынып әдістеме бірлестігі мұғалімдерінің

 білімі бойынша  сапа көрсеткіші

 

 

Білімі

2016-2017 оқу жылы

Жоғары

20

Арнаулы орта

18

Аяқталмаған жоғары

5

 

Бастауыш сынып әдістеме бірлестігі мұғалімдерінің

жас ерекшелігі бойынша көрсеткіші

Жас ерекшелігі

2014 ж

1

20-25 жас

3

2

25-30 жас

13

3

35-40 жас

13

4

45-50 жас

3

5

55-60 жас

2

 

     Бастауыш сынып әдістеме бірлестігі  2016-2017 оқу жылына жоспарланған  жұмыстар   өз уақытында  өткізіліп отырды. Бастауыш сынып ұжымы нормативтік іс-құжаттармен,әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылды.Жаңа оқу жылына жұмыс жоспарлары талқыланып,бекітілді.Әрбір сынып жетекшілері пән бойынша тақырыптық-күнтізбелік жоспарларын құрып,бекітілді.Пән мұғалімдеріне тиесілі міндеттер бөлінді.

     Ұжымдағы жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалып,жұмыс жоспарлары бекітілді. Бастауыш сынып бірлестігі бойынша   оқу жылы барысында 8  мұғалім өз білімін жетілдіру  курстарынан өтті.

     

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: