Мектебіміздегі «Робототехника үйірмесі» » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
наурыз
2021

Мектебіміздегі «Робототехника үйірмесі»

Сан салада медицинадан бастап космонавтикаға дейін адамдар роботтардың көмегіне жүгінеді. Біздің заманымыз – робототехника заманы десек артық болмас. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. «Робототехника үйірмесі» Алатау ауданы И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектебімізде 2018-2019 оқу жылдарында ашылды. «Робототехника үйірмесінің» ашылудағы негізгі мақсаты  осы бағыт-бағдарда оқушылардың интеллектісін дамытып, ой-өрісін кеңейту және  шабыттандыру және интеллектуалдық әлеуеттін ашу. «Робототехника үйірмесінде» оқушылар көптеген зерттеулер жүргізіп, өз жобаларын жүзеге асырады. Үйірме барысында  жобаларды бірлесіп әзірлеуіне және ойлау еркіндігін дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, ұялы телефонға және компьютерге арналған ойындар құрастыруды, Lego Mindstorms Education,  «Makeblock» конструкторы арқылы роботтарды жинап, әрі бағдарламалауды, 3D обьектілер моделдеуді де меңгереді.  Үйірме барысында оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлап, моторикасын жақсартады. Одан бөлек, үйірмеде оқушылар  арасында командалық қарым-қатынастар қалыптасады және топтық жұмыс жақсарады. 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: