“Жаңаша басқару менеджменті: өзін-өзі басқару - өзін-өзі дамыту” тақырыбында аудандық семинар » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жаңаша басқару менеджменті: өзін-өзі басқару - өзін-өзі дамыту” тақырыбында аудандық семинар
05
мамыр
2023

“Жаңаша басқару менеджменті: өзін-өзі басқару - өзін-өзі дамыту” тақырыбында аудандық семинар

#Repost @178.licei_alatauaudany with @use.repost
・・・
Алматы қаласы Алатау аудандық білім бөлімінің қолдауымен 2023 жылдың 5 мамырында “Жаңаша басқару менеджменті: өзін-өзі басқару - өзін-өзі дамыту” тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар Алатау аудандық білім мекемелерінің қатысуымен ұйымдастырылып, өзара тәжірибе мен пікір алмасу алаңына айналды. Іс-шараны Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы К.М.Акмурзаева мен №178 мамандандырылған лицей директоры К.Х.Шадиев алғысөзбен бастады. Семинар барысында мектеп қабырғасындағы өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметі мен маңызы талқыланды. Қарастырылған тақырыптар:
1. «Жас сұңқар» өзін-өзі басқару ұйымы жұмысының алар орны (№154 ЖББМ, «Жас сұңқар» өзін-өзі басқару ұйымының президенті Ертай Данияр);
2. «Көшбасшы және командасы» (№178 МЛ, «ЖасStar» өзін-өзі басқару ұйымының президенті Есхат Бағжан);
3. «Өзін-өзі басқару ұйымы» (№181 ЖББМ, өзін-өзі басқару ұйымының  президенті  Сәбит Айдана Рүстемқызы;
4. “Оқушылардың өзін-өзі басқаруы және өзара әрекеттерінің үйлесімділігі” (N184 ЖББМ, өзін-өзі басқару ұйымының президенті Сатымбеков Нұрсұлтан;
5. «Оқушылардың өзін-өзі басқаруы және өзара әрекеттерінің үйлесімділігі» (№185 ЖББМ, өзін-өзі басқару ұйымының  президенті Насипова Аяжан);
6. «Өзін-өзі басқару ұйымы» (№201 МГ, өзін-өзі басқару ұйымының  президенті Есқали Айнара);
7. «Өзін-өзі басқару ұйымы  — талантты, дарынды, білімді, белсенді оқушылардың ортасы» (№209 МГ, өзін-өзі басқару ұйымының  президенті Ерболқызы Ақнұр).
Алатау аудандық білім бөлімінің қолдауымен өткізіліп отырған бұл семинар жоғары деңгейде өтті әрі барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

@zhas_sunkar_154school
@akmurzaevakarlygash
@kalamkaskalievna
@almaty154school

https://www.instagram.com/reel/CsA_uDbgEhf/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: