🔹️«Алатау ауданы білім беру ұйымдары арасында алғаш рет университетпен бірлескен өзін-өзі басқару ұйымы жұмысының маңыздылығы мен нәтижесі» семинар-тренинг🔹️ » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🔹️«Алатау ауданы білім беру ұйымдары арасында алғаш рет университетпен бірлескен өзін-өзі басқару ұйымы жұмысының маңыздылығы мен нәтижесі» семинар-тренинг🔹️
02
ақпан
2022

🔹️«Алатау ауданы білім беру ұйымдары арасында алғаш рет университетпен бірлескен өзін-өзі басқару ұйымы жұмысының маңыздылығы мен нәтижесі» семинар-тренинг🔹️

⚜️Алматы қаласы Алатау ауданы «Алатау ауданы И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мусабекова Макпал Жаныбековна ZOOM платформасында онлайн форматта «Алатау ауданы білім беру ұйымдары арасында алғаш рет университетпен бірлескен өзін-өзі басқару ұйымы жұмысының маңыздылығы мен нәтижесі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинар барысында Алматы қаласы Алатау ауданы білім беру ұйымдары арасында алғаш рет университет қабырғасымен бірлесіп жұмыс жатқан мектептегі "Жас сұңқар" өзін-өзі басқару ұйымының құрылуы және университетпен жұмыс жасаудағы жетістіктері тәжірибелерімен бөлісті.
♻️ Семинар қонақтары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподақ ұйымының көшбасшылары Меңдібай Дәулет Мұратұлы,
Бегман Әйгерім Ералықызы, Кембаева Тоқжан Бауыржанқызы университет қабырғасынан құрылған "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподақ ұйымы туралы, университеттің 23 жылдығына орай 23 жаңа жоба өтетіндігін және ең бастысы аудандағы білім беру ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасап, "Жас сұңқарлықтар" өзін-өзі басқару ұйымдарын көбейту туралы толық ақпарат беріп, тың мәліметтер берді.
№152 мектеп-гимназиясы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.С.Жакипова семинар соңында сөз алып, мектеп ұжымына өз алғысын білдірді.

#школьный_парламент
#школьное_самоуправление

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: