«Отбасындағы бала тәрбиесінің рөлі» тақырыбында аудандық семинар » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
желтоқсан
2020

«Отбасындағы бала тәрбиесінің рөлі» тақырыбында аудандық семинар

Аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылдың 25 қараша күні Алатау ауданы И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Отбасындағы бала тәрбиесінің рөлі» тақырыбында аудандық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
Семинар модераторлары тарих пәні мұғалімі А.Е.Сабыржан және география пәні мұғалімі Р.С.Рахимтуллаев семинардың бағдарламасы аясында жүргізіп отырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Ж.Мусабекова аудандық семинардың мақсатымен таныстырып өтсе, тарих пәні мұғалімі М.С.Копабаева және көркем еңбек пәні мұғалімі З.А.Толымбекова мектеп ата-аналарымен бірлесіп атқарылған мектепішілік дәстүрге айналған «Толағай» отбасылық спорттық сайысы, және биылғы оқу жылында қашықтықтан ұйымдастырылған «Үлгілі отбасы» сайысы іс-шараларына тоқталып өтті. География пәні мұғалімі А.Ш.Киясова «Сіз балаңызды қанадй стильде тәрбиелеудесіз?» атты бүгінгі қатысушы ана-аналар арасында пікір-талас өткізді. Ата-аналар түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын орта салды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Ж.Дарбаева 5-8 сынып орыс сыныптарының ата-аналарымен «Семейное воспитание» атты сұрақ-жауап ұйымдастырды.
Семинардың құрметті қонағы тәрбиеге үлгі тұтарлық, сөзімен де ісімен де тәрбиенің символына айналған, қазақтың ұлы тұлғасы Абай атамызды көз алдымызға әкелген М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, кино және театры актері, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Болат Мәзімбайұлы Әбділманов мырза қатысып, тақырып бойынша тәрбие мәніне тоқталып, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық пен Отан сүйгіштік қасиеттерін дарыта отырып, тәрбиелесе деп өз пікірін білдірді.
Алатау ауданы Білім бөлімі тәрбие бөлімінің әдіскері Г.Ж.Буркитбаева семинарға қатысқан ата-аналарға алғыс білдірді. Мектеп психологы Г.К.Туганбаева ата-аналарына тарапына психологиялық кеңестерін ұсынса, ДТІЖО Л.Ж.Нургазинова әрбір бала өз отбасында тәрбие алу керек деп семинарды аяқтады.


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: