«Өнерлі бала»* (Сәндік-қолданбалы өнер) байқау бағыты бойынша мектепішілік кезең өтті » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
сәуір
2023

«Өнерлі бала»* (Сәндік-қолданбалы өнер) байқау бағыты бойынша мектепішілік кезең өтті

🔵Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы *Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Алматы БАЛАFEST»фестивалінің «Өнерлі бала»* (Сәндік-қолданбалы өнер) байқау бағыты бойынша мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімдері К.Ж.Нурпеисова., З.А.Толымбекова және Б.С.Мирзалиев ұйымдастыруымен мектепішілік кезеңін өткізді.
🔹Байқаудың мақсаты: оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу, дарынды балаларды анықтау, олардың танымдық қызушылықтарын ояту, ұсақ бұйымдармен жұмыс жасау арқылы қолөнерді жетілдіру, осы саладағы көркемдік дәстүрлерді сақтау.
🔴Байқау үш жас санаты бойынша өтті:
- бірінші жас тобы – 1-4 сынып оқушылары;
- екінші жас тобы – 1-4 сынып оқушылары;
- үшінші жас тобы – 1-4 сынып оқушылары.
🔸Байқау келесі бағыттар мен номинациялар бойынша өтті:
*1-4 сыныптар:*
Бисермен өру (бижутерия, көлемді бисерлік композициялар, бисерден жасалған фигуралар);
Мозаика (материалдың барлық түрлері).
*5-8 сыныптар:*
Кестелеу (кестелеудің барлық түрлері);
Авторлық қуыршақ.
*9-11 сыныптар:*
Сәндік-қолданбалы шығармашылық (ағаш ою, күйдіру сабанмен қаптау, аралау);
Тоқу, патч, квилт, патч тігісі.

🪄*БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ СӘЙКЕС ҮЗДІК НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКЕН ҚАТЫСУШЫЛАР АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛАДЫ.*

🗓️*Марапаттау рәсімі 12.04.2023ж. күні өтеді.*

#балаfestфестиваль

@almatydaryny
@rumcdo_official
@akmurzaevakarlygash
@karimgazhy_gulnur
@kalamkaskalievna
@almaty154school
@tolymbekovaziiagul
@kamwat_zhanat1122479 

https://www.instagram.com/reel/Cq2eNOIOTUg/?utm_source=ig_web_copy_link 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: