6-8 сыныптар аралығында өткізілген мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
ақпан
2023

6-8 сыныптар аралығында өткізілген мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы

«Ешкімде батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» (Бауыржан Момышұлы).

🔹Оқыған адам бір көргеннен ақ түсіне қоймауы мүмкін. Алайда, мән беріп қараған пенде сөздердің түп санада «тәрбие» атты бейнесін ұялатады. Үлкенге де, кішіге де тәрбие керек бұл заманда...
И.Қ.Мандоки қазақылықтың негізгі нышанын ұстанғанын білеміз. Ал оның үлкен факторы ретінде тәрбие, ар-ұждан мәселесіне аса көңіл аудару керек. Атымен берілген тұлғамыздың ошағы №154 ЖББМ-те 3-ақпан 6-8 сыныптар аралығында өткізілген мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналыстың басты өзегі ретінде тек қана жауыр болған баланың,оқушының алған білімі мен сапасы ғана емес, соған тікелей жол табатын тәрбиеліктің қаншалықты маңыздылығы сараланды.Себебі оқушыға берілген тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы екенін Әл-Фарабидің дәуірінен бері талай куәсіне ие болғанбыз. Ата-ананың бала алдындағы атқару керек рөлі, ата-ананың бала көзінше жасап жүрген істерінің оң не сол екені, оның бала алдында сөйлеген әрбір сөздері дұрыс не қате екенін ортаға салу мақсатында бір тұрғыдан жиналыс десек, енді бір жағынан рухани тренинг деуге де келеді.
Адамның сырт келбетіндегі тазалық өз алдына, сондай-ақ, «тазалық» анықтамасына енетін тағы қандай мағыналардың бар екенін дәлелдеу мақсатында мектебіміздің директоры Алмасбаева Қаламқас Қалиқызының бастауымен және білім ордасына арнайы шақырылған қонақтарымыз П.Б.К. профессоры «Атамекен» бағдарламасының авторы Құрсабаев Мұхаметрахым Қыдырбайұлы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің профессоры, педогогика ғылымдарының докторы Сейдахметов Бауыржан Сейтбекұлы қатысқан болатын. «Тазалық» ұғымының кеңдігін ата-аналармен кері байланыс жүргізе отырып, оның «сөз тазалығы», «ой тазалығы», «рухани тазалығы», «қоршаған ортаға деген тазалығы» сияқты бірнеше түрін дәлелдеді.
Жиналыстың қорытынды ойы бойынша ата-ана да, мектеп басшылығының да ойы бір арнада тоғысып, баланың болашағына тәрбиенің атқарар орасан зор маңызы екені белгілі болды. Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз!

@akmurzaevakarlygash
@kalamkaskalievna
@alatau_bilim_bolimi
@abai_university

https://www.instagram.com/reel/CoaGjNgDBCj/?utm_source=ig_web_copy_link 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: