“Мектеп Президенті” инаугурациясынан… » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
қыркүйек
2022

“Мектеп Президенті” инаугурациясынан…



🔰 23.08.2022 күні мектебімізде директорлың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, “Жас сұңқар” өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі М.Ж.Мусабекованың ұйымдастыруымен «Жас сұңқар» өзін-өзі басқару ұйымының салтанатты "Мектеп Президенті" инаугурациясын жоғары деңгейде өткізді.
🔹2021-2022 оқу жылының “Мектеп Президенті”, 11 “Б” сынып оқушысы Еренші Нұрдаулет бірлесіп жұмыс атқарған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті “Сұңқар” студенттер мен магистранттар кәсіподақ ұйымына, мектеп басшысы Алмасбаева Каламкас Калиевнаға, өзімен бірге жұмыс жасаған ұйым мүшелеріне алғыс айтып, 2022-2023 оқу жылының “Жас сұңқар” өзін-өзі басқару ұйымының “Мектеп Президенті”, 9 “Ә” сынып оқушысы Есенгелді Дінмұхамедке биылғы жылы бекітілген “Жас сұңқар” өзін-өзі басқару ұйымының жарғысын және ауыспалы төс белгіні табысты.
🔹Мектеп басшысы Алмасбаева Каламкас Калиевна ұйым құрылуына себепші болған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті “Сұңқар” студенттер мен магистранттар кәсіподақ ұйымының төрағасы Нуридин Бақдәулет Баймаханұлына, Имидждік жұмыстар және қоғаммен байланыс жөніндегі бас маман - Гауһарбек Ақсұңқар Төреханқызына және былтырғы “Мектеп Президенті”, 11 “Б” сынып оқушысы Еренші Нұрдаулетке алғыс хат табыстап, ұйым мүшелеріне белсенді жұмыс жасап, мектебімізді биік белестерден көрсетуге ат салысуға шақырды.

#школьныйпарламент
#өзінөзібасқаруұйымы 

https://www.instagram.com/p/Ci5hRi1rjmb/?utm_source=ig_web_copy_link 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: