Онлайн мәнерлеп оқу тізбегін Алатау ауданы 196 мектепке жолдаймыз! » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
тамыз
2022

Онлайн мәнерлеп оқу тізбегін Алатау ауданы 196 мектепке жолдаймыз!

🟡Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан , қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда данышпан , хакма философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті.

Шәкәрім.

🟡Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев . Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлы.

🟡Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.

Мұхтар Әуезов.

🟡Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.

Ғабит Мүсірепов.

🟡Орыстар үшін-Пушкин, ағылшындар үшін –шекспир, грузиндер үшін -Руставели.... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.

Қайсын Кулиев.

🟡Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін таныттты.

Шыңғыс Айтматов.

✅Даналардың дара сөзіне лайық болған Абай Құнанбаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған челленджімізді қабыл алыңыздар

🔃Онлайн мәнерлеп оқу тізбегін Алатау ауданы 196 мектепке жолдаймыз @196_mektep

#абайқұнанбайұлы

@akmurzaevakarlygash
@kalamkaskalievna
@suleimmmenova
@196_mektep



 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: