"Жырлайды жүрек" атты кеш » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
ақпан
2020

"Жырлайды жүрек" атты кеш

2020 жылдың ақпан айында ДТІЖО Мусабекова М.Ж. Мектеп кітапханашылары Кошкарбаева Б.С.Жанболатова С.М. «Жас Ұлан» ұйымы И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББ мектеп Хантәңірінің биік шыңындай ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев атамыздың туған күніне орай 8-сынып оқушыларының ұйымдастырылуымен "Жырлайды жүрек" атты кеш өткізді. Кешімізге Мұқағали атамызды зерттеуші, өнер танушы, Т.Жүргенов атындағы академиясының профессоры, құрмет орденінің иегері, академик Шаяхмет Имашов ағамызды арнайы шақырдық. Мерекелік кешімізді 8 "Ә" сынып оқушысы Абсамат Сырым "Арыз жазып кетейін" өлеңін оқумен ашты. Кеш барысында Ақынның "Аққулар ұйықтағанда " поэмасынан қойылым қойылып, оқушыларымыздың тамаша сомдағаны соншалық, әрбір көріп отырған көрерменнің жүрегін тебірентіп көздеріне жас келтірді. Сонымен қатар, ақынның өленің сүйіп оқитын оқушыларымыз бірінен-бірі қалмай шабыттанып керемет өлең шумақтарынан жыр төкті. Әсіресе Қапбас Айәділдің "Қазынам бар "өлеңін орындауы керемет әсерлі шықты. Шаяхмет ағамыз балалардың оқыған өлендерін сүйсіне тындап, "Әп,бәрекелді!" деген қошеметін көрсете отырып, өзі де қонақ кәдесін жасап, ақынның шығармаларын әдемі ырғақ пен оқып, Мұқағали атамыз туралы білетінін әңгімелеп берді. Кеш соңын "Есіне мені алғайсын" әнімен аяқталды. Шаяхмет ағаның жүрек тебіренте орындаған жыр шумақтарынан әсер алған көрермендеріміз залдан кетпей ол кісімен бірге естелікке суретке түсіп, керемет бір әсерлі күйде болды.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: