Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
🌸 Наурыз – жаңару мен ұлттық құндылықтардың мерекесі! 🌸
21
наурыз
2026
🌸 Наурыз – жаңару мен ұлттық құндылықтардың мерекесі! 🌸
🌸 Наурыз – жаңару мен ұлттық құндылықтардың мерекесі! 🌸 Ұлыстың ұлы күні қарсаңында мектебімізде қазақтың асыл мұраларының бірі – қыз ұзату салт-дәстүрі сахналанды. Бұл көрініс арқылы оқушыларымыз ата-бабадан қалған тағылымды дәстүрлердің мән-мағынасын терең түсініп, ұлттық тәрбиенің нәрін бойларына сіңірді. Қыз ұзату – тек қана той емес, ол – ананың ақ тілегі, әкенің батасы, туған жермен қоштасудың толқынысты сәті. Салт-дәстүрді дәріптеген бұл шара көрермен жүрегіне жылу сыйлап, ұлттық рухты
The Opening Ceremony of our English Language Week was held with great success. ✨
18
наурыз
2026
The Opening Ceremony of our English Language Week was held with great
Ағылшын тілі апталығының салтанатты ашылуы! Ағылшын тілі апталығының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті! ✨ Оқушылар қызықты ойындар мен интерактивті іс-шараларға белсене қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен құлшыныстарын көрсетті. 🎲📚 Шараның ерекше сәті — британдық кейіпкерлердің пайда болуы болды. Бұл мерекеге қайталанбас ерекше атмосфера сыйлады. 🇬🇧🎭 Апталық үлкен шабытпен, жағымды энергиямен және білімге деген құштарлықпен басталды. Алда әлі де көптеген қызықты сәттер күтуде! 🌟📖
«Педагогикалық стратегияларды талдау және STREAM коллаборациясы» тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық семинар өтті
13
наурыз
2026
«Педагогикалық стратегияларды талдау және STREAM коллаборациясы»
2026 жылғы 13 наурыз күні Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектепте «Педагогикалық стратегияларды талдау және STREAM коллаборациясы» тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинарға Алматы қаласының 13 Keleshek мектебінің педагогтері мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдер
МҰҒАЛІМДЕР ШЕБЕРХАНАСЫ
13
наурыз
2026
МҰҒАЛІМДЕР ШЕБЕРХАНАСЫ
Мектебімізде білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және оқу үдерісіндегі олқылықтарды жүйелі түрде реттеу мақсатында «Мұғалімдер шеберханасы» жұмыс жасайды. Бұл шеберхана – тәжірибе алмасу алаңы, шығармашылық ізденіс орталығы және мұғалімдер мен оқушыларға әдістемелік қолдау көрсететін маңызды білім кеңістігі. Мақсаты Білім беру үдерісіндегі олқылықтарды анықтап, оларды тиімді педагогикалық тәсілдер арқылы реттеу, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және
«Әже – ұлт ұйытқысы» атты аудандық семинар
03
наурыз
2026
«Әже – ұлт ұйытқысы» атты аудандық семинар
⚜️Бүгін мектебімізде “Даналақ мектебі” жоспарының аясында «Әже – ұлт ұйытқысы» атты аудандық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымды форматта өтті. ⚜️Семинардың негізгі мақсаты – бала тәрбиесіндегі әженің рөлін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру, отбасы мен мектеп арасындағы рухани байланысты нығайту. Әже өнегесі – тәрбие бастауы, ал ұлттық тәрбие – болашақтың берік іргетасы екенін тағы бір мәрте айқындадық. ⚜️ Семинардың ашылу салтанатында алғы сөз
“Жақсылық – жасап жарысайық”
25
ақпан
2026
“Жақсылық – жасап жарысайық”
✨ “Жақсылық – жасап жарысайық” акциясы аясында мектебіміздің ұстаздары да белсенділік танытып, игі іске өз үлестерін қосты. Жақсылық жасау – жүректен басталатын қасиет. Ұстаздарымыз шәкірттеріне тек білім беріп қана қоймай, мейірім мен жанашырлықтың үлгісін көрсетуде. Осындай игі бастамалар арқылы мектебімізде қайырымдылық пен бірлік құндылықтары нығая түсуде. Жақсылық жасаудан шаршамайық! 🤍✨     Посмотреть эту публикацию в Instagram     Публикация от Қоңыр Мандоки мектебі, Алатау ауданы
⚜️⚜️Бүгін мектебімізде түркі әлеміне ортақ тұлға, мажарстандық түркітанушы қайраткер, қазақ-венгр рухани байланысын нығайтқан көрнекті ғалым, этнограф Иштуан Қоңыр Мандоки атындағы мұражайының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
10
ақпан
2026
⚜️⚜️Бүгін мектебімізде түркі әлеміне ортақ тұлға, мажарстандық
⚜️⚜️Бүгін мектебімізде түркі әлеміне ортақ тұлға, мажарстандық түркітанушы қайраткер, қазақ-венгр рухани байланысын нығайтқан көрнекті ғалым, этнограф Иштуан Қоңыр Мандоки атындағы мұражайының салтанатты ашылу рәсімі өтті. 🔰Іс-шараға Венгрияның Алматы қаласындағы Бас консулдың орынбасары Чилла Барань ханым, вице-консул Петер Седеркени мырза, Қазақстанға танымал қоғам қайраткері, кәсіпкер және дипломат, Венгрияның Алматы қаласындағы Құрметті консулы Сәрсенов Жамболат мырза мен жұбайы Айсұлу
🤖🚀Болашақ бүгіннен басталады. «STEM & Робототехника – Болашақ технологиялар» көрмесі Инновация, ғылым, роботтар және креативті жобалар әлеміне бірге саяхат жасайық. 💫💫💫
06
ақпан
2026
🤖🚀Болашақ бүгіннен басталады. «STEM & Робототехника – Болашақ
🤖🚀Болашақ бүгіннен басталады. «STEM & Робототехника – Болашақ технологиялар» көрмесі Инновация, ғылым, роботтар 🤖 және креативті жобалар әлеміне бірге саяхат жасайық. 💫💫💫  
«Самғау» спорт және жаратылыстану сайысы
05
ақпан
2026
«Самғау» спорт және жаратылыстану сайысы
📌 «Самғау» спорт және жаратылыстану сайысы 🐎🐎🐎2026 жылдың 5 ақпанында мектебімізде 5–6 сынып оқушылары арасында «Самғау» атты спорт пен жаратылыстану пәндерін ұштастырған ұлттық ойындар сайысы жоғары деңгейде өтті. 🎯🎯Іс-шара барысында оқушылар ұлттық ойындар арқылы өздерінің шапшаңдығын, ептілігін, логикалық ойлау қабілетін және ғылыми білімдерін көрсетті. Сайыс дәстүр мен заманауи білімнің үйлесімін танытып, оқушылардың командалық рухын нығайтып, белсенділік пен қызығушылығын арттырды.
«Ғылым-шексіздік, МИФ-кілті»атты онкүндігі басталды.
03
ақпан
2026
«Ғылым-шексіздік, МИФ-кілті»атты онкүндігі басталды.
2026 жылдың 03-13 ақпан аралығында өтетін математика,информатика және физика пәндері бірлестігінің «Ғылым-шексіздік, МИФ-кілті»атты онкүндігі басталды.Онкүндіктің мкқсаты білім алушылардың техникалық ғылымға деген қызығушылығын арттыру,ғылыми ойлау дағдыларын дамыту, және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы зерттеушілік, шығармашылық және цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастыру. Сіздерге МИФ онкүндігінің ашылу салтанатынан шағын үзінді ұсынамыз. Алдағы он күн бойы МИФ пәндер