30
наурыз
2026
«Келешек мектептерінің тұжырымдамасы: ортақ мақсат, ұжымдық даму»
2026 жылғы 26–28 наурыз күндері Астана қаласында «Келешек мектептерінің тұжырымдамасы: ортақ мақсат, ұжымдық даму» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Іс-шара барысы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызының мазмұнды баяндамасынан бастау алды. Бұл басқосудың негізгі тақырыбы тәрбие бағыты мен ұлттық код мәселесіне арналды.
Семинар аясында өткен «Келешек мектептерінің маусымдық академиясы» білім беру жүйесін дамытудағы жаңа бағыттарды айқындап, заманауи мектеп моделін жетілдіруге серпін берді.
Мектептегі тәрбие жұмысын жаңаша ұйымдастыру және оқушылардың тұлғалық дамуын қалыптастыру жөнінде маңызды ойлар ортаға салынды. Жалпы семинар барысында алған жаңалықтар мен тәжірибе алмасу мол болды.
Аталған семинарға №220 мектептің директоры Аширбекова Манат Сағынбекқызы да қатысып, білім беру саласын дамытуға бағытталған маңызды пікір алмасуларға атсалысты.
Ортақ мақсат жолындағы ізденістер әрдайым нәтижелі болсын.