«Нұр Отан» » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 2474485
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
ноябрь
2018

«Нұр Отан»

«Нұр Отан» Партиясының жыл сайынғы Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда, мемлекеттік ортақ мүдденің орындалуын қамтамасыз етіп, дамудың алғышарты болған стратегиялық мақсаттарды орындауда, ел болып жұмыла жұмыс жасаудың айрықша үлгісін көрсету арқылы билікті рухтандырып отыруда, жалпы қоғамның маңызды болған мәселелері төңірегінде жасаған еңбектері барлығымызға мәлім.

Партиямыз құрылғалы бері көптеген тілге тиек етер маңызды мәселелер қатарын шешіп, елеулі жұмыстар жасауда. Оның ішінде мемлекеттің дамуына керағар кесірін тигізіп отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құрылған «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі Қоғамдық Кеңес өз жұмысын белсенді түрде атқарып келеді.

Елбасы Жолдауының елдің өткенін өлшеп, келешегін кең етуде, қазіргі күннің талаптарын ескере отырып, болашаққа бағдар жасаудағы дара жол екендігі, партияның жасап жатқан жұмысының орасандығының айқын дәлелі.

Мемлекеттің беріктілігінің, қуаттылығының кепілі – адам болғандықтан, халықтық сананың ұлттық кодты сақтай отырып, рухани жаңғыруы, әрбірімізге жүктелген азаматтық борыш екендігін біз жақсы түсінеміз. Сондықтан ел ертеңінің дамуын еселеуде, әлеуметтік хал-ахуалды жақсарта отырып, прогматизмнің аспектілерін жетік меңгерген, патриоттық санамен сусындаған ұрпақ тәрбиелеуде әрқайсымыз үлестіміз, міндеттіміз.

Копабаева Меиргуль Султанхановна
И.Қ.Мандоки атындағы 
№ 154ЖББМ тарих пәні мұғалімі
"Білім пт 154" БПҰ-ың белсенді партия мүшесі