“Оқу мен тәрбие егіз!” тақырыбында жалпы ата - аналар жиналысы
Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде оқу жылының аяқталы, жазғы демалыс кезіндегі құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында “Оқу мен тәрбие егіз!” тақырыбында жалпы ата - аналар жиналысы өткізілді. Жыналыстың алғы сөзін мектеп директоры Алмасбаева Қаламқас Қалиқызы ашып, келген қонақтармен, спикерлермен таныстырып өтті. Алатау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженерлері Ануарбеков Нұрбол Бауыржанұлы ,аға лейтенант Саухан Береке Сабырұлы және де Алатау АПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция майоры Абжапарова Айгул Талмакулкызы қатысып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, видероликтер көрсетті. Сонымен қатар, алдағы мемлекеттік және ағымдық емтихандар, жазғы лагерь, әлеуметтік көмек т.б. тақырыптар бойынша айтылды. Ата- аналар қозғалған тақырыптар бойынша қойған сауалдарына, жауап алып, құзырлы органдарға бірнеше тілек - өтініштерін жеткізуін сұрады.
https://www.instagram.com/reel/C7OTZAAsb6n/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==