«Балалар жылы: мемлекеттік басымдық – балалар» тақырыбында балалар омбудсмендерінің республикалық саммитіне қатыстық. » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар жылы: мемлекеттік басымдық – балалар» тақырыбында балалар омбудсмендерінің республикалық саммитіне қатыстық.
10
тамыз
2022

«Балалар жылы: мемлекеттік басымдық – балалар» тақырыбында балалар омбудсмендерінің республикалық саммитіне қатыстық.

Бүгін, 2022 жылдың 10 тамыз күні ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен “Балалар жылына” орай, «Балалар жылы: мемлекеттік басымдық – балалар» тақырыбында балалар омбудсмендерінің республикалық саммитін өткізді.
Саммитке Алматы қаласы Алатау ауданы № 154 жалпы білім беретін мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Ж.Мусабекова және 11 “А” сынып оқушысы, “Жас сұңқар” өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшесі Такен Алина қатысты.
Саммит барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Н.Имангалиев қатысқан білімалушыларға еліміздегі жоғары (университет) және орта білім беру (колледж) оқу орындарына бөлінген гранттар және оқуға түсу жөнінде толығырақ тоқталып, айтып өтті.
Әр облыстан қатысқан білімалушылар мектеп ортасы, бала құқықтары жөнінде және т.б түрлі тақырыптарда баяндама оқып, презентациялар мен бейнероликтер ұсынып, оқушылар тарапынан өзекті сұрақтарға, тұшымды жауаптар берілді.

#балаларжылы2022
#копдмонрк

@kopd_mp_rk
@alatau_bilim_bolimi
@akmurzaevakarlygash
@kalamkaskalievna
@almaty154school


 




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: