"БАЛА ДАУЫСЫ" вокалды балалар байқауы » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
желтоқсан
2021

"БАЛА ДАУЫСЫ" вокалды балалар байқауы

⚜Қараша айының 12-сінен басталған "БАЛА ДАУЫСЫ" вокалды балалар байқауы өз мәресіне жетті. Бүгін, мектеп басшысы Алмасбаева Каламкас Калиевнаның қолдауымен "Жас сұңқар" өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген "БАЛА ДАУЫСЫ" вокалды балалар байқауының финалы өтті.
Финалда барлығы 7 қатысушы оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, бақтарын сынады.
Атап айтар болсақ,
5 "Ә" сынып оқушылары
Тасболат Аяна,
Садыкова Сабина,
5 "Б" сынып оқушысы Әділханқызы Айша,
6 "Д" сынып оқушысы Ізбасар Ералы,
8 "Б" сынып оқушылары
Сапарбай Жомарт, Бейсембай Бекзат және
9 "Б" сынып оқушысы Утегенова Алтынай
Ән шырқаудағы жоғары ноталармен ән шырқаған сымбатты әсем дауысы иесі 8 "Б" сынып оқушысы Бейсембай Бекзат "Бала дауысы" байқауының ЖЕҢІМПАЗЫ атанды.
Барлық қатысушылар номинациясымен марапатталды.
Жеңісің құтты болсын
БЕКЗАТ!🎖💐

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: