1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерті » Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №154 имени Иштвана Коныр Мандоки" Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
қазан
2021

1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерті

    1 қазан 2021 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектеп шаңырағында мектеп басшысы Алмасбаева Қаламқас Қалиқызы мен кәсіподақ ұйымының бастамасымен 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерті өткізілді. Концертке білім саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаз - Сағымбек ақсақал, Ақбұлақ ықшамауданының ақсақалдар кеңесінің төрайымы – Гаина Латифовна, мектептің ардагер ұстаздары химия пәні мұғалімі - Каимова Кулай, биология пәні мұғалімі - Сансызбаева Тұлымхан, мектебіміздің ұстаздары шақырылды. Мерекелік концертте ән шырқалып, күй күмбірлеп, сахналық көріністер қойылымы көрсетілді, сыйлықтар табысталды. Қарт ұстаздар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, сөз соңында жастарға, білім ордасына ізгі тілектерін айтып, ақ баталарын берді.

            
           

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: