1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларымен кездесу
Алматы қаласы Алатау ауданындағы жалпы білім беру мекемелерінде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларымен кездесу кестесі бойынша И.Қ.Мандоки атындағы №154ЖББ мектепте қарашаның 19-шы жұлдызында тарих пәні мұғалімі Сабыржан А.Е. Желтоқсан кәугері Адилханов Халелхан Ибрайымханұлымен кездесу өткізді. Кездесуде Халелхан ағамыз оқушыларға ел Тәуелсіздігі үшін аянбай алаңға шыққан замандастарының ерлігін айтып, өзінің желтоқсаншыларға арнаған жан тебірентерлік туындыларын оқып, домбырамен арнауын шырқады. Жас ұрпқтың бойына елге, жерге деген сүйіспеншілікті дарытатын өнегелі әңгімелерімен бөлісіп, өз шығармалары жазылған кітапты тарту етті. Кездесуде ұстаздар мен оқушылар сол кезеңге барып келгендей әсер алғандықтары сонша, көз жастарына ерік берді.
Посмотреть онлайн файл: zheltosan-oiasyna-atysushylarymen-kezdesu-bojynsha-anytama.doc