Алматы қаласы Білім басқармасының
«№154 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-07-05
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-42-25
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
наурыз
2026

«Әже – ұлт ұйытқысы» атты аудандық семинар

⚜️Бүгін мектебімізде “Даналақ мектебі” жоспарының аясында «Әже – ұлт ұйытқысы» атты аудандық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымды форматта өтті.

⚜️Семинардың негізгі мақсаты – бала тәрбиесіндегі әженің рөлін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру, отбасы мен мектеп арасындағы рухани байланысты нығайту. Әже өнегесі – тәрбие бастауы, ал ұлттық тәрбие – болашақтың берік іргетасы екенін тағы бір мәрте айқындадық.
⚜️ Семинардың ашылу салтанатында алғы сөз мектеп директоры К.К.Алмасбаеваға берілді. Өз кезегінде мектеп басшысы білім ордасы жайында шағын баяндамасын таныстырып, келген қонақтарды құттықтап, алғысын білдірді. Бағдарламаға сәйкес қонақтар “Қоңыр мұражайымен” танысып, тағылымды тәрбие сағаттарын және дебат көрді.
Одан әрі семинар қонақтарын мәжіліс залында оқушыларымыз бен мұғалімдерден және
“Қазақ аналары-дәстүрге жол”
республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы, Алатау ауданы филиалының әжелерімен бірлескен ұлттық салт-дәстүрді ұлықтайтын, тәрбиеге тұнған концерттік бағдарламаны тамашалады. Семинардың басты құндылығы “Әже аманаты” кітабы жобасы таныстырылды. QR арқылы аудан мектептерінен келген қонақтар кітапқа өз пікірлері мен ұсыныстарын жазды.

⚜️Семинар жұмысына арнайы қатысып, кәсіби ой-пікірімен бөліскен Марс Ерасыл Марсұлы,
Алатау ауданы білім бөлімі әдіскері,
іс-шараның мазмұндылығына жоғары баға беріп, жылы лебізін білдірді.

Қатысқан барша әріптестерімізге алғыс айта отырып, ұлттық тәрбие бағытындағы бірлескен жұмысымыз жалғасын табатынына сенім білдіреміз.

Ұлттың ұйытқысы болған әжелер өнегесі – мәңгілік тәрбие мектебі 🤍  




 


 








 


Публикация от Қоңыр Мандоки мектебі, Алатау ауданы (@almaty154school)


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: